Сенбі, 23 Қараша 2024
2963 0 пікір 2 Желтоқсан, 2020 сағат 13:20

Мәжіліс жол жүру ережесіне қатысты заңды мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Аталған заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі.

«Бұл құжат жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделеді. Аталған нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау ұсынылады», - деді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Сонымен қатар, бұл түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.

Сондай-ақ, заң жобасында жол салушыларды жолға байланысты құрылыстарды алдын ала келісуге және оларға сараптама жүргізуге міндеттейтін нормалар ескерілді.

«Шығарылған уақыты 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы мемлекеттік тіркеуге тыйым салу ұсыналады», - деді депутат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371