Сенбі, 23 Қараша 2024
3736 4 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 12:14

Мемлекеттік сыйлықты кімдер алды?

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылдың мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қаулыға қол қойы. 

Қаулыға сәйкес:

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) «Ыстыққа төзімді қорытпалар мен олардың негізінде бөлшектер өндіру және өңдеу үшін жаңа буын технологияларын әзірлеу» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Аристотель Зейноллаұлы Исағұловқа;

«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Гүлнар Сантайқызы Жетесоваға;

«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Марат Кеңесұлы Ибатовқа;

«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Светлана Сергеевна Квонға;

«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Виталий Юрьевич Куликовқа;

«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ресурстар мен минералды шикізатты кешенді игеру» инженерлік бейінді сынау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовке;

2) «Инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және клиникалық медицинаға енгізу» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты Абай Қабатайұлы Байгенжинге;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының Жасушалар технологиясы мен транспланттау орталығының жетекшісі,  медицина ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Бапұлы Асқаровқа;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Мақсат Әскерұлы  Жантұрғановқа;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Еңлік Әбдікәрімқызы Қадыроваға;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының медициналық қызмет және ғылым жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Темірлан Сібірұлы Кәрібековке;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Болат Ғаббасұлы Көпеновке;

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты Самат Сағатұлы Сапарбаевқа;

3) «Бейлокальды дифференциалды операторлар теориясына» тақырыбы бойынша жұмыстар циклі үшін:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Махмуд Әбдісәметұлы Садыбековке;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының  корреспондент  мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Сұраған Дурвудханға берілсін.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377