Сенбі, 23 Қараша 2024
2279 1 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 12:40

Ботагөз Көпбаева Anti-Corruption Award 2020 сыйлығын алды

Қазақстандық Ботагөз Көпбаева коррупциялық көріністердің бетін ашқаны үшін берілетін Transparency International халықаралық ұйымының Anti-Corruption Award 2020 сыйлығының лауреаты атанды.

Көпбаева 2017 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қаржы-экономикалық мәселелері бойынша проректоры болып жұмыс істеді. 2018 жылдың жазында оқу орнындағы қаржылық заң бұзушылықтарды анықтағанын жазған. Осыдан кейін 20 жыл бойы консерваторияны басқарған Жәния Аубакирова қызметінен кетті. Көп ұзамай Көпбаеваға шабуыл жасалды. Оқу орны онымен келісім-шартты бұзды. Бірақ сот шешімімен Көпбаева қызметіне қайта келді.

2019 жылдың мамыр айында сот шешімімен консерваторияның бұрынғы бас есепшісі сегіз жылға сотталды. Бірақ кәмелетке толмаған баласы бары ескеріліп, жазасы бес жылға кейінге шегерілді. Сот сонымен бірге оған оқу орнына 128 млн теңге төлеп беруге, бұдан бөлек мемлекетке 3,8 млн теңге салық төлеуге міндеттеді.

TI мәлімдемесінде Көпбаева өзіне жасалған шабуылға, қысымдарға қарамастан коррупциялық былықтардың бетін ашты дейді.

Көпбаевамен бірге бұл сыйлықты ауған журналисі Заки Дарьяби де алды.

Дереккөз: Centralasian

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377