Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3758 8 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 14:09

Бізге айтылған сынды қабылдай алатын билік керек!

Біздің елде билікте, Үкіметте, парламентте сынан қорқады. Айтылған сыннан қорытынды шығарғысы келмейді. Әйтеуір көрсоқырдың, таскереңнің рөлінде ойнағысы келіп тұрады. Неге? Себеп біреу. Ол- біліксіздік, білімсіздік. Өмірлік тәжірибенің аздығы.

Содан болар олар өз қатарына айтары бар, тәжірибелі азаматтарды көргісі жоқ. Тіпті оларға ойын ашық айтатын, мінезді жандарда ұнай бермесі хақ.

Бір ғана мысал, кеше ғана депутат, Нұр Отанның мүшесі Нұржан Әлтаев депутаттық мандатынан айрылды, партиядан шығарылды. Неге? Себеп тағыда біреу. Ол Нұр Отан партиясына байланысты сын айтуы, яғни партияда саяси реформа жүрігізілмеді деуі сол екен артына қоңырау байланды. Партиядан да Мәжілістенде қуылды. Жалпы мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Демек біздегілер сыннан қорқады. Кемшілікті айтқан жанды қудалайды. Осы демократия ма, осы өркениет пе? Жоқ.

Менің ше, сынан, кемшілікті көрсеткеннен қорықпау керек. Керісінше айтылған жайттан қортынды шығарып отырған жерде ғана даму болмақ, әділеттілік болмақ. Ал, үнемі өзімбілем дегенде жерде дым болмасы анық.

Ең өкініштісі билікте болсын, парламентте болсын ойын ешкімнен жасқанбай ашық айтатындар кемде-кем, көбі бас шұлғумен «ләппай тақсыр» деумен күн өткізіп жатқандар. Ал тартыс, ойдық ашықтығы, алуандығы болмаған жерде қандай даму болмақ.

Бізге айтылған сынды қабылдай алатын билік керек!

Азаматхан Әміртайдың жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377