Оралда лаңкестік ұйым қызметінің жолы кесілді
Батыс Қазақстан облысында алты адамнан тұратын лаңкестік ұйым қызметінің жолы кесілді, деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылдың 4 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобы облыстық Ішкі істер департаментімен бірлесіп Орал қаласында 6 адамнан тұратын террористік топ қызметінің жолын кесті.
«Топ мүшелерінің террористік ұйымға тиесілі екендіктерін мойындаған жауаптары тергеу барысында анықталған дәлелдемелермен қуатталады. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде қолдан жасалған жарылғыш заттардың компоненттері және терроризмді насихаттайтын материалдар анықталып алынды», - делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 233-2 бабымен (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) қылмыстық іс қозғалды.
Жетінші ақпанда сот топ мүшелерінің барлығына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде «қамауға алу» санкциясын берді.
«Қазіргі уақытта іс мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп қорытындылады ведомство.
АСТАНА, 8 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz