Тәжікстанда оппозициялық саясаткер қамауға алынды
Тәжікстанның бас прокуратурасы Социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Махмурод Одинаев бұзақылық жасады деген айыппен ұсталғанын мәлімдеді.
5 желтоқсанда Социал-демократиялық партияның басшысы Рахматилло Зойиров орынбасарын милиция және қауіпсіздік қызметкерлерінен құралған 15-тей адамның ұстап әкеткенін мәлімдеді.
Прокуратура мәлімдемесінде 2020 жылы 29 қазанда Махмурод Одинаев бұрынғы әйелі Мехрнигор Ризоева және ұлы Хабибулло Одинаевпен Гиссар қалалық әскери комиссариатына келіп, ұлын негізсіз түрде әскерге шақырылғанын айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, билік өкілдерін қорқытып-үркітті деп мәлімдеді.
Бұл дәйектер бойынша 20 қарашада Махмурод Одинаевқа қарсы "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Тәжікстан ішкі істер министрлігі Махмурод Одинаевты "шағымшыл, авантюрист және елдегі тыныштықты бұзуды қалайтын адам" деп есептейді.
Оған дейін министрлік саясаткердің ұлына қарсы "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мекеме мәліметіне қарағанда, Ризоев мас күйінде қаладағы мейрамханалардың бірінде 18 жастағы қызды сабаған.
Биыл қазан айында Одинаев белгісіз адамдар ұлына шабуыл жасағанын айтқан.
Махмурод Одинаев 16 қарашада азық-түліктің қымбаттауына қарсы митинг өткізуге рұқсат беру туралы өтінішпен Душанбе әкімдігіне арыз жазғаннан кейін үні шықпай қалған.
Махмурод Одинаев көп жылдардан бері сотталғандардың құқығын қорғаумен айналысқан. Соңғы жылдары Социал-Демократиялық партия төрағасының орынбасары болды.
Abai.kz