Сенбі, 23 Қараша 2024
2566 1 пікір 7 Желтоқсан, 2020 сағат 12:18

Бішкекте авторитаризм орнатуға қарсы шеру өтті

6 желтоқсан күні Бішкекте "Заңдылық үшін" деген атаумен кезекті шеру өтті. "Баштан башта" қозғалысының бастамашылығымен өткен акцияның қатысушылары әдеттегідей түскі 12.00 уақытында жиналып Эркиндик даңғылымен қала орталығындағы "Ала-Тоо" алаңына жүріп өтті.

Акция қатысушылары конституцияны өзгертуге, елде авторитаризм орнатуға және билік узурпациясына қарсы мәндегі жазулары бар плакаттар ұстап, ұрандар айтты.

Бішкектегі бұл шеру әр жексенбі сайын өтетін дәстүрлі акцияға айналды. Акцияның басталуына елдің конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізу бастамасы түрткі болған.

17 қараша күні Қырғызстанда қоғамдық талқыға жаңа конституцияны қабылдау бойынша референдум тағайындау туралы заң жобасы шығарылды. Заң жобасымен бірге жаңа конституцияның жобасы да жарияланды. Жобаға сәйкес, президент құзыреті кеңейіп, Халық құрылтайы дейтін жаңа институт құрылмақ.

Заң жобасының бастамашысы ретінде Жогорку Кеңештің 80 депутаты көрсетілген. Кейінірек кей депутаттар бастамашылар қатарында болудан бас тартып, конституция жобасына қатысын жоққа шығарды, жоба мәтінін көрмегенін айтты.

Жогорку Кеңеште сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарда президент сайлауымен бірге елді басқару формасы жөнінде референдум өткізу де ұсынылды. Бірақ бұл сұрақ бойынша шешім әлі қабылданбады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404