Қазақстанның ІІМ полиция қызметкерлерінің қызметтің-әскери дайындығын көтеруге ниетті
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің 2012 жылға қойылған негізгі міндеттерінің бірі полиция қызметкерлерінің қызметтің-әскери дайындығын көтеру, сонымен қатар полицияны техника және арнайы құралдармен жабдықтау болып табылады, деп хабарлады сәрсенбіде ведомствоның баспасөз қызметі.
Хабарламада көрсетілгендей, бүгінгі таңда экстремизм мен террористік көріністерге қарсы күрес ұйымдасқан қылмыстың түрлеріне, есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.
«Осыған байланысты мақсатты түрде әрбір полиция бөлімшесінің әскери-қызметтік дайындық деңгейін арттырумен айналысу қажет. Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер қосымша заманауи техника түрлерімен, байланыс және арнайы құралдармен жабдықтауды қажет етеді», - делінген баспасөз баянында.
Қ. Қасымов еліміздің барлық тұрғылықты елді мекендерінде полицияны барынша халыққа жақындатып, қоғамдық жерлер мен көшелердегі «оқиғалар қатарынан» табылуын қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Ведомство басшысы ІІМ жүйесіндегі көптеген қызметкерлер денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төнген жағдайға қарамастан, қызметтік міндеттерін адал және батылдықпен атқаратындығын атап өтті. Тек былтырғы жылы қызметтік міндетін атқару кезінде 28 полицей қаза болып, 50 қызметкер жарақат алды. Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің 55 қызметкері, оның ішінде 12-сі қаза тауып, қызметтік міндетін атқару кезінде ерлік пен батылдық танытқандары үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
АСТАНА, 8 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz