Жапаровтың пікірінше, «Текебаев Конституциясы» елді 30 жылға кері лақтырған, соның салдарынан «парламенттік басқару жүйесі кәсіпке айналып кетті».
«Жогорку Кенештегі әрбір орын 200 мыңнан басталып, 1 миллион долларға дейін сатылды. Халық та өз дауысын сата бастады. Халықтың дауысын сатып алған депутат халық үшін жұмыс істей ма? Керісінше, ол бес жылда осы қызметке салған ақшасын бірнеше есе өндіріп алуға тырысады. Он жылда біз соны көріп отырмыз», - деп жазды Жапаров.
Бұның алдында «Ата мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев «Азаттыкқа» берген сұхбатында Конституция жобасын сынап, бұл құжат елді 30 жылға кері лақтырады деп мәлімдеген.
Жаңа Конституция жобасы қоғам талқылауына биыл 17 қарашада ұсынылды. Құжатты Жогорку Кенештің 80 депутаты жазған деп хабарланды.
Abai.kz