Сенбі, 23 Қараша 2024
5935 7 пікір 8 Желтоқсан, 2020 сағат 14:51

Өзбекстандық инвестор Қазақстанда зауыт ашады

Өзбекстандық инвесторлар Қазақстанда зауыт ашады. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысында машина жасау саласындағы 12 миллион долларлық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы LS сайты жазды.

Ол 2021-2022 жылдары жүзеге асырылады деп күтілуде. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жаңа жоба Өзбекстандық инвестордың қатысуымен жүзеге асырылады.

«Аймақ ауылшаруашылық инжиниринг саласында ORBIS Kazakhstan базасында бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр. Құны 12 миллион долларды құрайды»,- делінген хабарламада.

Өндіріс қуаты жылына 150 дана ауылшаруашылық техникасын құрайды. Кәсіпорынды іске қосу 100-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін, Өзбекстаннан келген инвесторлар Шымкентте 2,5 миллиард теңгеге жаңа өндірісті іске қосуға көмектесетіні айтылған. Мегаполисте дәрі-дәрмек пен гигиена өнімдерін шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Оның қуаттылығы жылына 20 миллион дана өнім шығарады. Кәсіпорын 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында іске қосылады деп күтілуде. Ол іске қосылғаннан кейін 90 адам жұмыспен қамтылады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407