Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2379 0 пікір 13 Ақпан, 2012 сағат 06:25

Нұрсұлтан Назарбаев: «...Бұның барлығы да үрей елесі»

Еуразиялық үш мемлекеттің біртұтас экономикалық кеңістікке бірігуі Еуропаны шошытуда. Алайда, ресми сапармен Германияда жүрген Қазақстан президенті Кеңес одағының қалпына келмейтінін айтумен болды.
«Бұның барлығы да үрей елесі. Кеңес одағын қалпына келтіру жайында есуас қана айта алар, оны қалпына келтіру үшін коммунистік партияны тірілтіп, біртұүтас идеологияны, мемлекеттік жоспарлауды және басқа да атрибуттарды қалпына келтіру керек. Ол мүмкін емес. Бірақ кедендік шекараны алып тастап, экономикалық  кірігуге кіріссек, ол бәрімізге де тиімді»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев Алманиялық сыртқы саясат жөніндегі кеңесте.
Қазақ президенті Еуропа мен Азияның кірігуі - уақыттың құзырында екенін айта отырып, сөзін тұнжырай тыңдаған неміс іскерлерін қазақтармен іскерлік ынтымақтасуға шақырды.
«Менің түпкі сенімімде, туындайтын жаңа қарсыластыққа, қатерлерге  қарсы тиімді жол ретінде  тек қана Еуразияның интеграциялық ынтымағы болмақ. Бүгінгі Еуразиялық субконтинент - Еуропа мен Азия - әлемдегі өнімнің жартысынан көбін өндіретін алаң.Еуропа мен Азияның  кірігуі міндетті түрде орын алады - ол уақыттың ісі ғана, оны осы алпауыт субконтиненттегі экономикалық даму мен халықтардың игілігі талап ететін болады...», - деп мәлімдеді.

Дайындаған - Шәріпхан Қайсар
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475