Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 8904 20 пікір 15 Желтоқсан, 2020 сағат 12:52

Путиннің тағы бір «депутаты» қазақ жеріне шүйлікті

Орыс Думасының тағы бір депутаты қазақ жеріне шүйлікті. Бұл жолы Евгений Федоров дейтін адам. Ол да жаңағы Владимир Путин басқаратын «Единая Россия» партиясының өкілі. Өзінің әріптесі һәм партияласы Вячеслав Никоновтың сөзіне пікір білдіріп тұрып: «Ресей Қазақстаннан территорияны қайтаруын талап ету керек», деп сөйлепті.

Агент партии власти»: чем знаменит бывший и будущий калининградский депутат Евгений Федоров | Афиша Калининграда - портал Rugrad.EU

Әуелі мынау Евгений Федоров деген кім? Қараңыз:

Ресейдің Федералды Думасының бес мәрте депутаты болған, қазір мемлекеттік Думада депутат. Бюджет және салық комитетінің, «Единая Россия» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі. РФ мемлекеттік кеңесшісі. Ауған соғысының ардагері және «Ұлттық азат ету қозғалысы» саяси бірлестігінің координаторы екен.

Депутаттық мандатты алмас бұрын, Ресей президенті әкімшілігінде, Қорғаныс кеңесінде қызмет істеген. Атом энергиясы жөніндегі вице-министр болған. Отставкадағы полковник деген шені тағы бар.

Кезекті қоқан-лоқы

Бүйдепті:

«Негізі Никонов осыған дейін Путин айтқаннан артық ештеңе айтқан жоқ. Тек Путин Қазақстанды «сыйлық субьектісі» ретінде атаған жоқ. Бірақ, Украинаның жағдайы түсінікті. Тіпті, Қазақстандағы қандай да бір шенеуніктің «Путин Украинаны меңзеп отыр» деген пікірі де болды. Қазақстандағы шенеуніктің не үшін Путин үшін сөйлеп отырғанын немесе Путиннің не ойлағанын мен білмедім. Бірақ, Никонов анығында, ұлттық азат етуші қозғалысқа қарай бет бұра бастады», - депті. Депті де, Қазақстанды «сыйға тартқан автокөлікке» теңепті.

«Ал енді Қазақстанның реакциясы туралы айтсақ, елестетіп көріңіз... Сіз өзіңіздің досыңызға автокөлік сыйладыңыз. Бір жылдан соң келіп: «Көлігім қалай екен?», деп сұрайсыз. Ол сізге: «Қайдағы сыйлық? Бұл сыйлық емес. Мен бұл автокөлікті өз еңбегіммен алдым», дейді. Сіз осындай «досыңызға» қалай қарайтын едіңіз? Ал дұрыс адам: «Көп рахмет. Жақсы көлік екен. Мен ұмытқан жоқпын. Бір күні менен де қайтарымы болады», демей ме?..

Ал енді Қазақстанның ресми органы: «Біз ешқандай да сыйлық алғанымыз жоқ. Біз оны сендерден тартып алдық», деп мәлімдеме жасаса, ендеше сіздермен басқаша сөйлесейік, басқа тілде, қазақстандықтар!», - деп қоқан-лоқы жасайды.

Әрі қарай, жаңағы Федоров дегеніңіз 1991 жылғы шешімді «заңсыз» депті.

«Біз 1991 жылғы «заңсыз» шешімдердің күшін жойып, территорияны қайтару жайын сөз еткенде, бізді тежеп тұратын жалғыз нәрсе – моралдық шектеу. Ал сол моралыңыз ҚР СІМ-нің соңғы мәлімдемесінен кейін құны қалмады. Демек, Ресей территорияны қайтаруды талап етуі керек. Егер сіздер мұны сыйлық деп қабылдамайды екенсіздер, қайтарыңыздар. Өйткені, сіздер заңсыз алдыңыздар. 90-шы жылы барлығы егжей-тегжейлі жазылған заң қабылданған. Оған Қазақстан да қол қойған. Кеңес Одағының Конституциялық заңы. Онда көп нәрсе өрескел бұзылған. Біз қазір территория мәселесін айтып жатырмыз. КСРО ыдырағаннан кейін кімге қандай территория қалуы керек еді... Онда (КСРО Констититуциялық заңында)  «республикалар одаққа қандай территориямен кірді, одақтан шығарда да сол территориямен ғана шығады», деп жазылған», - дейді Путиннің депутаты.

«Кеткілеріңіз келе ме, Назарбаев, Тоқаев мырзалар! Жақсы территорияны беріңіздер, Верныйды – Алматыны және басқаларын, өздеріңіз кете беріңіздер. Олар: «Бізге территория қалмайды ғой», дейді. Ал ол біздің шаруамыз емес», - деп бөсіпті.

Айта кетейік, осыған дейін РФ президенті Владимир Путин басқаратын «Единая Россия» партиясының мемлекеттік Думадағы тағы бір депутаты Вячеслав Никонов: «Қазақстан деген болған емес. Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Қазақстан территориясы – Ресей мен Совет одағының берген сыйлығы», деп сөйлеген.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят, костюм и в помещении

12 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Александр Коморовты шақырып, Ресейге наразылық нотасын тапсырған.

Осыдан кейін, «Қазақстан территориясы – Ресейдің сыйлығы» деп сөйлеген Вячеслав Никонов тағы да бір мәлімдеме жасап: «Полагаю, что интересы Казахстана были в полной мере соблюдены при определении границ Казахской ССР, ставших границами Республики Казахстан. Именно об этом я и сказал в передаче “Большая игра”. Пользуюсь случаем, чтобы еще раз выразить самые теплые чувства в адрес братского народа Казахстана», - деді.

Ресей депутатының соғыс шақырған бұл сөздері қазақ қоғамында қызу талқы болды. Әлеуметтік желідегі қоғам белсенділері Ақорда тарапынан, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тарапынан реакция болуы керектігін айтып, талап қылды.

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеме жасап, «Никоновтың сөздері саяси жауапсыздық һәм қазақ халқын қорлау», деді.

Ал Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы, орыс депутатының мәлімдемесін «Арандаушылық», деп бағалап, РФ билігі тарапынан жаза қолдануды талап қылды.

Сонымен қатар, 13 желтоқсанда Алматыдағы РФ консулдығының шарбағында «Северный Казахстан – это казахская земля» деген баннер ілінді.

РБК: Путин посетит съезд «Единой России» на фоне падения рейтинга партии - Ижевск Инфо

Айта кетейік, жаңағы Никонов пен Федоров екеуі де мүшелік ететін «Единая Россия» партиясы, РФ басшылығы мен Кремль саясатымен ғана жүретін Ресейдің билік басындағы партия. Оның төрағасы – Ресей президенті Владимир Путин.

Қазақстандық саясаттанушы, экс-дипломат Қазбек Бейсебаев БАҚ-қа берген сұхбатында: «Меніңше, ендігі кезекте мәселеге сыртқы істер министрлігі емес, тікелей президент араласуы керек. Путинмен сөйлесіп, нақты сұрақтар қойылып, нақты жауап алынуы керек. Қазақстан мен Ресей ТМД-ға, Еуразиялық одаққа, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше. Бір-біріне үнемі «дос, серіктес елміз» деп айтады. Осы жағдайда мұндай сөздің айтылуы өте түсініксіз. Дос, серіктес мемлекеттер «жерді сыйлыққа бергенбіз», «біздің жер» деген сөздерді айтпайды. Бұл – азаматтарымыздың намысына тиеді», - депті. Ал әзірге орыс депутаттарының территориялық тұтастыққа көзалартқан мәлімдемелеріне қатысты Ақорда тарапынан реакция болған жоқ.

14 желтоқсан күні Ақорданың ресми сайтында Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтағаны туралы ақпарат жарияланған.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512