Сенбі, 23 Қараша 2024
3559 0 пікір 15 Желтоқсан, 2020 сағат 14:04

COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцина салынды

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында COVID-19-ға қарсы әзірленген вакцина алғаш рет Сандра Линдси есімді медбикеге салынды.

Медбикеге алғашқы вакцина Нью-Йорктың Квинс ауданындағы медициналық орталықта егілді. Бұл процесті Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо тікелей эфирде тамашалаған.

Линдсей вакцина алғаннан кейін бірнеше минуттан кейін президент Дональд Трамп өзінің твиттерінде: «Бірінші вакцина жасалды! Құттықтаймыз АҚШ! Бүкіл әлемді құттықтаймын!» -,деп жазды.

Фармацевтикалық алпауыт Pfizer және оның неміс серіктесі BioNTech жасаған вакцина жұма күні федералды аймақтық органдардан заңдық мақұлдау алды. Ауқымды клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша вакцина 95% тиімділік көрсеткен.

Алғашқы 2,9 миллион доза жексенбіде АҚШ-та COVID-19-тің алғашқы жағдайлары тіркелгеннен кейін 11 ай өткен соң бүкіл ел бойынша тарату орталықтарына жеткізіле бастады.

Дүйсенбідегі жағдай бойынша елде 16 миллионнан астам инфекция тіркеліп, 300 000-ға жуық адам қайтыс болды.

Алғашқы екпелер дүйсенбіде Техаста, Юта, Оңтүстік Дакота, Огайо және Миннесотада жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5514