Сенбі, 23 Қараша 2024
4227 0 пікір 16 Желтоқсан, 2020 сағат 15:24

Әр елдімекенге әзірленген бағдарламамен танысты

«Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасы жобасы "Қазақтелеком" АҚ еңбек ұжымына таныстырылды. Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өіңрге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.

Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назар­баевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды ешжерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Мәселен, партияішілік сайлау кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Талдауға назар аударар болсақ,  қарапайым халықтың талап-тілектерінің көпшілігі жол сапасы, су, газ жүргізу, тұрғын үймен қамту, білім беру нысандарын салу, материалдық базаны жаңарту, ғаламтор жылдамдығын жақсарту секілді мәселерге қатысты болды. Көтерілген мәселелердің өзектілігі ескеріліп, облыстық, аудандық, қалалық сайлауалды бағдарлама жасалды. Мұнда әр өңірдің тұрғындарының  ұсыныстары бойынша 5 жылда атқарылатын жұмыстар қатары енгізілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан қызметкерлер өздерін мазалаған сұрақтар бойынша штаб өкілдерімен пікірлесті. «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Ескерту! Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475