Жұма, 18 Сәуір 2025
3449 5 пікір 16 Желтоқсан, 2020 сағат 18:20

«Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен Кегенде мерекелік автошеру өтті

Бүгін Кеген ауданында Тәуелсіздікке жиырма тоғыз жыл толуына орай және Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына қолдау көрсету мақсатында «Nur Otan» партиясы Кеген аудандық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік автошеру болып өтті.

Шеруге қатысушылар аудан көшелерін Мемлекеттік туды жоғары көтеріп, сән- салтанатымен аралап шықты.

Олардың арасында әр салада биік белестерді бағындырған жастар мен тәуелсіздік құрдастары бар. Еліміздің көк туын көкте желбіреткен шеруге 10-ға жуық автокөлік қатысты.

Осылайша шерушілер, Ел Тәуелсіздіктің әрбір қазақстандық үшін ерекше мейрам екенін көрсете отырып, партия атынан ұсынылып отырған кандидаттарға қолдау көрсетті.

Ескерту! Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Кеген ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1996
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4851
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4036