Ағаш кескені үшін салынатын айыппұл көлемі 5 есе өсті

Сенат депутаттары «Экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Аталған Заңға сәйкес, ағаш кескені үшін салынатын әкімшілік айыппұл көлемі 5 есе өсті.
Әсіресе табиғи қорықтардағы жасыл желекке залал келтіргендерге жаза қатаңдады. Бұл шара Сенат қабылдаған Экологиялық кодексте көрсетілген.
Жеке тұлғалар – 150, шағын кәсіпкерлер – 450, ірі кәсіпорындар 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Яғни 4 млн теңгеден астам айыппұл салынады.
Ал егер мемлекетке келген шығын көлемі осы сомадан асып кетсе, қылмыстық жаза қаралған.
Abai.kz