Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3596 0 пікір 21 Желтоқсан, 2020 сағат 17:57

Шетелдік сарапшылар жастар саясаты саласындағы зерттеулерге баға берді

Ағымдағы жылдың  желтоқсан айында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасының сегізінші басылымын дайындады.

Баяндама соңғы ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік органдардың тиісті ресми статистикасын талдауға сүйене жасалған. Баяндама жалпы 6000 респондентті қамтыған 3 бұқаралық әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелеріне негізделген.

Қазақстан жастары туралы ұлттық баяндамада 8 бөлім бар және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып, талқылау нәтижелері бойынша пысықталып, көпшілікке ұсынылмақ. Биыл COVID-19 коронавирустық инфекция әлемдік пандемиясының қазақстандық жастардың жағдайы мен тіршілігіне әсері зерттелгенін атап өткен жөн.

Ұлттық баяндама уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті практикалық ұсынымдар мен ұсыныстар дайындаған. Сарапшылар қауымдастығы, фокус-топтық зерттеулер негізінде нақты шаралар әзірленген.

Ұлттық баяндаманың сараптамалық талқылауына қазақстандық сарапшылармен қатар шетелдік сарапшылар – Питцер-колледжінің ұйымдастырушылық зерттеулер кафедрасының адъюнкт-профессоры Барбара Джунисбай (Калифорния, АҚШ), Назарбаев Университетінің доценті Каса Рита (Рига, Латвия) және т.б. қатысты.

Али Авджу Сейт, Йылдырым Беязыт университетінің профессоры, PhD (Анкара, Түркия): «Қазақстанның білім беру жүйесінде бірнеше мәселе бар. Мұғалімдердің жалақысы төмен. Оқушылар мұғалім мамандығын көбірек таңдауы үшін мұғалім мен педагог мамандығы тартымды болуы керек. Мен үкіметтің бұл проблемаларды білетініне және оларды шешу үшін шаралар қабылдап жатқанына қуаныштымын».

Барбара Джунисбай, Питцер-колледжінің ұйымдастырушылық зерттеулер кафедрасының адъюнкт-профессоры (Калифорния, АҚШ): «Жастарды атқарылған істің «соңғы пайдаланушысы» немесе «пайда көрушілері» деп қарастырғаннан гөрі, оларды неге басынан бастап шешім іздеу үдерісіне қатыстырмасқа? Бұл екі оң нәтижеге әкелуі мүмкін: 1) бағдарлама нәтижелерінің одан әрі жақсаруына; 2) жастарға саясатты құруға саяси, азаматтық және жеке қатысуға қажетті мүмкіндіктер беріп, сол арқылы осы процестің әр кезеңінде елдің дамуына үлес қосуы мүмкін.»

Каса Рита, Назарбаев Университетінің доценті (Рига, Латвия): «Ұлттық білім беру – бұл қоғам өмірінің басқа салаларымен тығыз байланысты экожүйе. Жүйе бойынша білім беру сапасын арттыру білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту мен көшбасшылық үдерістерін жақсарту және оқытудың формальды және формальды емес тәсілдерін енгізу бойынша бір мезгілде және үйлесімді әрекетті талап етеді, бұл «Қазақстан жастары 2020» баяндамасында ұсынылған».

Ұлттық баяндама – бұл сарапшылар мен барлық деңгейдегі әртүрлі саланың өкілдері арасындағы кешенді жұмыс пен өзара әрекеттің нәтижесі. «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының жаңалығы мен өзектілігі мынада: бұл құжатта сарапшылар мемлекет пен азаматтық қоғам жаһандық коронавирус пандемиясы аясында жастарға қалай және қандай көмектесе алады деген сұрақтарға жауап табуға талпынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404