Джо Байден тікелей эфирде COVID-қа қарсы екпе салғызды
АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден тікелей эфирде COVID-қа қарсы екпе салғызды. Бұл туралы CNN телеарнасы мәлімдеді.
Екпе дүйсенбі күні Делавэр штатындағы Ньюарк қаласының ChristianaCare ауруханасында жасалған. Байден америкалықтарға өзі салғызған вакцинаның қауіпсіз екенін айтты. Ал, аталған вакцинаны Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған.
«Мен мұны вакцина әзір болған кезде адамдар салғызуға дайын болуы үшін жария түрде көрсетіп жатырмын. Уайымдайтын себеп жоқ. Мен екінші екпені асыға күтемін», - деді ол.
Байден вакцинаны жұбайы Джилл де салғызғанын атап өтті.
Ал, Президенттің баспасөз хатшысы Джен Псаки вице-президент Камала Харрис және оның күйеуі Дуг Эмхофф келесі аптада екпе салғызатынын айтқан.
Джонс Хопкинс университетінің 22 желтоқсандағы мәліметінше АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты. 319 190 науқас қайтыс болды.
Abai.kz