Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3015 13 пікір 23 Желтоқсан, 2020 сағат 11:35

«Бізде сыншылар көп, бірақ ешбірі көмектеспейді»

10 қаңтарда болатын Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына қатысатын саяси партиялар ел аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін Маңғыстау облысында Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов жастармен кездесіп, оларды ұлтжанды және қоғамда белсенді болуға шақырды.

Сатирик Тұрсынбек Қабатов қазақ қоғамында бірін-бірі жөн-жосықсыз сынаушылардың барына налитынын айтты.

«Қазақтар үй салғанда ешкім келіп көмектеспейді, салып болған соң ғана сынаушылар көбейеді. Шатырын темірмен жабу керек еді, есігін арғы жақтан шығару керек еді деп сынап кетеді. Бірақ, соларды үй салып жатқан кезде таппайсың. Сол секілді Елбасы тоқсаныншы жылдары мемлекетті аяққа тұрғызып жатқанда оған көмектескендер аз болды. Енді шекараны бекітіп берген соң есігін басқа жақтан шығару керек еді дейтіндер көбейді», - дейді Т.Қабатов.

Ол жастарды бір күндік өмір үшін емес, ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

«Қазір жастардың арасында өмірдің мәнін тамақ ішіп, киім киіп, жүрген-тұрғаныңды әлеуметтік желіге жүктеумен шатастыратындар көп. Кешке үйге келеді де, үлкен жұмыс тындырғандай отырады. Ал, сіздер елдегі осындай үлкен іс-шараларға қазірден араласып жатырсыздар. Мұның бәрі елдің болашағы үшін», - деп белсенді жастарды қанаттандырды.

Оның пікірінше, Қазақстанда жұмыс істеймін деген кез келген адамның екі қолына бір күрек табылады. Ал, жалқау адамның алдына жұмысты дайындап арасаң да істемейді дейді Қабатов.

«Қазір елдің болашағына сенбейтін жастар бар. Елдің болашағына сенбейтін адам – өзіне сенбейтін адам. Сіздердің осылай болашаққа сенім артқандарыңыз қуантады. Жүрегіміз отан деп тұрсын», - деп сөзін түйді Тұрсынбек Қабатов.

Түпнұсқа: azattyq-ruhy.kz

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401