Шыңғыс Хан жайлы үш қазақтың пікірі
1. Әбіш КЕКІЛБАЕВ:
- Мұның (Шыңғыс ханның-ред.) қай соғыстың соңынан да, қолға түскен тұтқындарды өзі жүріп, тінтіп шығатыны да сондықтан. Қашан жоса-жоса боп аққан көз жасын көргенше, екі қолы артына байланған тұтқындарды әкелдіре береді, әкелдіре береді. Көз жасын көргенде барып, мынау үнсіз тергеуін оқыс тияды. Алда-жалда ешкімнің көз жасын көрмесе, шаһардан да саутамтық жұрнақ қалмайды. Шабылған елге шабынған ер емес, мөлтеңдеген көз жасы ғана араша болмақ...
Мұның әскері өткен жерде неше мың адамның саусағы қырқылды! Сол бір топар қолдардың ұзын-ырғасы қанша болғанын жүзік артқан түйелердің санына қарап санайды...Бұл артынан әскеріне қолы топар кісі көрсеңдер, әйел болса - қарнын жарып, жатырын алып тастаңдар, еркек болса - ұстап алып, ақта қылып жіберіңдер деп жарлық шашты...
Содан бері мынау аспан астының біраз жерін көзімен көрді. Талай әміршінің ақ ордасына атын сарытты. Соның бәрі мұның қаһарын арттыра түсті. Бүгінде оның атын естігенде әзірейілдің атын естігендей шошынбайтын пенде кемде-кем.
«Ханша-дария хикаясынан».
2. Мұхтар ШАХАНОВ:
- «Ал қимылда, Қалды уақыт тым қысқа. Қағу үшін сенің қайсар басыңды Асығып тұр мынау залым Шыңғыс та!

Қайыр айтты: - Иә, қоштасар келді күн, Азбан Шыңғыс ел тарихын қорлады-ау. Ойлап тұрсам, енді бәpі арман-ау. Отырардың жанқиярлық ерлігін Жыр ететін, Әттең, ақын қалмады-ау!
Шыңғыс айтты: - Өкінгенмен, болмайды, Ешкімге де берілмейді бас сауға. Бұйрық еттім түгел қырып тастауға. Отырарда еркек кіндік қалмайды!».
«Жазбагер жады космоформуласы»
3. Мұхтар МАҒАУИН:
- ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде бүкіл Еуразия кеңістігін өз ғұзырымен қайта құрған, ал тиянақтап, бағдарлап кеткен бар ісі бұдан соңғы заманда мағлұм әлемді мүлде басқаша қалыптауға негіз болған Шыңғыс хан - адамзат тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірегейі екені күмәнсіз. Кеңінен қамтып, тереңіне бойлай алмасақ та, сөз ұққан, хат таныған кезімізден көкірекке орнаған өзгеше бейне, Алып Ер екен. Шыңғыстау - Шыңғыс ханның атымен аталатын, ұлы Абай өрінде туып, бар ғұмырын өткерген, мына Мен түстік құламасында дүниеге келіп, жарық сәуле, айқын самалаға талап қылған киелі Шыңғыстау - ежелгі тарихпен бірге жасасып келе жатса, ұлы қаған неге қазақтан алыс болуы керек? Біз - түрік текті қазақпыз, далалық көшпенділер ұрпағы өз тарихын өзінше бағалауға тиіс. Айттық, Шыңғыс ханға тікелей қатысты ескілікті мұралар түгелдей дерлік ғылыми айналымға түскен, жалпы жұртшылыққа белгілі, есебі, қажетті құрал-жабдық ағылшын мен неміске де, қытай мен жапонға да ортақ, Батыстың да, Шығыстың да мүмкіндік жағдайы бірдей, сонымен қатар біздің, бұл ретте қазақ Мұхтар Мағауиннің өлшеусіз бір артықшылығы бар: мен бұрынғы-соңғы жатжұрт білгірлері сияқты, шаңырақтың сыртынан қарап, ой-жота, долбармен кесіп-пішпеймін, өз үйім, киіз туырлығымның астында отырып, бар бұйымды қолмен ұстап, көпе-көрнеу түгендеймін. Сайыпқыран Шыңғыс ханның бұрын ешкім жазбаған толық әрі шынайы тарихы ең алдымен өткендегі құдіретті Еке Ұлыстың тікелей мұрагері Қазақ жұртының игілігіне айналуға тиіс, жүз елу жылдық отарлық дәуір, одан соңғы, ғасырға парапар жиырма жылдық талапай, тонау заманында ұнжырғасы түскен ұлттың еңсесін көтеріп, елдігін қайта табуына себесін болуға тиіс.
«Шыңғыс хан»
Қазақтың үш азаматының екеуі Шыңғыс ханға қанқұйлы қанішер, қатыгез жауыз ретінде қарайды. Өз шығармаларында солай бейнелейді. Тек Мұхтар Мағауин ғана Шыңғысты қазақтан бөле-жара қарамайды. Шыңғыс хан тарихымен қазақ тарихын сабақтастыра қарайды.
Құлдық саясат қазақтың ұлттық санасын соншама мәңгүрттендірді ме?
Өз тарихымыздан өзіміз неге жериміз?
«Айқын» газеті