1 қаңтардан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға өседі
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық педагогтардың жалақысы 25%-ға өседі,- деп хабарлайды KazTAG.
«Президент тапсырмасы аясында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік ЖОО-лардың оқытушыларының жалақысы - 20%, ұлттық ЖОО – 28% өскен болатын», - делінген хабарламада.
Хабарда нақтыланғандай, жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан колледж студенттерінің шәкіртақысы - 30%, орта буын мамандықтары бойынша - 25% өсті.
«Бакалавриат пен магистратураға оқитындардың шәкіртақысы 25%-ға өсті. Педагог мамандықтары бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы бір жылда 21 мың теңгеден 42 мыңға жетті», - деді БҒМ.
Сонымен қатар, жыл бойы докторанттардың шәкіртақысы 82 мың теңгеден 150 мың теңгеге өскен.
Abai.kz