Жұма, 22 Қараша 2024
4010 1 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 15:03

Енді мем.қызметкерлер декларация тапсырады

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі күшіне енеді.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Дина Құсайынова алғашқы кезеңде кімдер декларация тапсыруы керектігін түсіндірді.

«Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру. Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап біздің бәріміз жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енеміз. Алғашқы кезеңде оған мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген жұбайлары кіреді», - деді Дина Құсаинова

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер бұрын көрсетпеген белгілі бір активтер бар. Оған дебиторлық берешек, құнды мүлік, инвестициялық алтын, мүлік, авторлық құқық, қолма-қол ақша да кіреді.

«Декларацияны 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсыруға міндетті адам 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша барлық активі мен міндеттемелерін көрсетуі тиіс.

Декларацияны нақты кім тапсырады?

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар және олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсырады.

Одан бөлек, бұл санатқа Конституциялық заңға, ҚР сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, ҚР банктері және банктік қызметі туралы, сақтандыру қызметі туралы заңдарға сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар да кіреді», - деді Дина Құсайынова.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329