Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
3184 0 пікір 4 Қаңтар, 2021 сағат 18:16

Депутаттыққа үміткерлер ауыл халқымен кездесті

Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар ауыл халқымен кездесті. 

Кездесуде депутаттыққа үміткерлер Досалы Балжан Ерболқызы мен Тортаев Орынбасар Сатымбекұлы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдаламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында депутаттаттыққа үміткер кандидаттар партия бағдарламасының халық үшін тиімді экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Фотодерек:

Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Жамбыл аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1130
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1563