Сенбі, 23 Қараша 2024
2470 1 пікір 5 Қаңтар, 2021 сағат 16:04

Грузияда коронавирустың жаңа түрі анықталды

Коронавирустың жаңа "ұлыбританиялық" штамы Грузияда анықталды. Алайда оны жұқтырған адам Ұлыбританияда болмағанын айтады.

Ауруларды бақылау орталығы басшысының орынбасары Паата Имнадзе үш үлгі жаңа штамм бойынша зерттелген, екеуінің нәтижесі теріс, ал біреуінде жаңа штамм анықталған. Науқас - 50 жастан асқан адам, бүгінде оның жағдайы жақсы және оқшауланып жатыр.

Имнадзенің сөзінше, оның биологиялық байланысы да зерттеліп жатыр. Паата Имнадзе жаңа штам жұқтырған адам Ұлыбританияда болмағанын айтады, алайда ол қай елде болғанын нақтыламаған. Эпидемиологтың айтуынша, коронавирустың жаңа штамын жұқтырған адам айығып шыққан.

Маман жаңа штамм коронавирустан аурудың өту кезеңі мен өлім деңгейі бойынша ешқандай айырмашылығы жоғын айтады.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы біздің елде тіркелмегенін мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371