Жұма, 23 Қазан 2026
3678 5 пікір 7 Қаңтар, 2021 сағат 16:40

Трамп 20 қаңтарда билікті Байденге тапсыруға уәде берді

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 қаңтарда билікті сайланған президент Джо Байденге тапсыруға уәде берді. Трамп үндеуінде сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтты. 

Трамптың айтқан сөздерін оның көмекшісі Дэн Скавино Twitter желісіндегі парақшщасында жариялады.

"Сайлау нәтижесімен толық келіспеуіме қарамастан 20 қаңтарда билікті тапсырамын", - деді Трамп.

Еске салайық, Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірген болатын. Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам жарақат алып, бір адам қайтыс болды.

Артынша Конгресс Байденді АҚШ президенті етіп бекіткені белгілі болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1163
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1617