Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймақта емес
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 8 қаңтарда Қазақстанның бірде-бір облысы «қызыл» аймақта қалмады. Дәл осындай жағдай 2021 жылдың 5 және 7 қаңтарында болған.
Алматы, Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар мен Атырау облыстары «сары» аймақта қалады.
Қазақстанның қалған аймақтары «жасыл» аймақта орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, «қызыл» аймақта қатаң шектеу шаралары енгізіліп жатыр. «Сары» аймақта қазіргі карантиндік шаралар сақталады және олардың сақталуына бақылау күшейтіледі. Ал «жасыл» аймақ тұрақты жағдайды көрсетеді, мұндай жағдайда шектеу шаралары міндеттелмеуі мүмкін.
Abai.kz