Сенбі, 23 Қараша 2024
2416 0 пікір 7 Қаңтар, 2021 сағат 14:34

Жамбыл ауданы. Депутаттыққа үміткерлер банк қызметкерлерімен кездесті

7 қаңтар күні «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық сайлауалды штабының мүшелері аудандық «Halyk Bank» мекемесінің қызметкерлерімен, тұтынушылармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Үгіт-насихат жұмыстары барысында штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының дамудың жеті басымдығы атты жоспарында біздің аудан экономикалық тұрақты аудан деп бекітілгенін тілге тиек етіп: «Болашақта біз инвестициялық тартымдылықты және көлік-логистикалық инфрақұрылымның болуын, ірі мегаполис - Алматы қаласына жақын орналысуды және дамыған мал шаруашылығын пайдаланыт боламыз.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, жалақыны 115 тен 190 мың теңгеге дейін арттыруға және жұмыссыздық деңгейін 4,7-ден 4,3 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді»,-деді.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының алдағы бесжылдыққа белгілеген жоспарымен бөлісті. Кездесу барысында штаб мүшелері банк қызметкерлері мен тұтынушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Жамбыл аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366