Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3932 0 пікір 26 Ақпан, 2012 сағат 15:28

Ересектерге арналған есеп

Abai.kz ақпараттық порталы мәселе есептің ересектерге арналған нұсқасын ұсынады. Өмірде былайда жиі кездесетін мәселе атаулыны математикаға айналдырсақ төмендегідей болып шығады екен. Ендеше, бас қатырып көрелік.

1.  Оралбай Әбдікәрімов басқаратын «Нұр-Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы мемлекеттік органдардың ішіндегі ең жемқор «ұйымдардың» рейтингісін жасап шықты. Соның нәтижесінде Кеден, Сот және Қаржы полициясы алғашқы үш орынға ие болды. Егер, Соттың екінші орын алмағаны, ал Кеденнің үшінші орынға ие болмағаны анық болса, мемлекеттік органдардың қайсысы қандай орын алды?

2.  Ұнның бағасы қаңтар айында 30%-ға, ал ақпан айында 20%-ға өскен. Осы екі айдың ішінде баға қанша пайызға артып отыр?

3.  Бір кәсіпкер ай бойы тапқан пайдасының 11%-ын аудан әкіміне «откат» қылып береді. Осыдан кейін оның қолында тек 7120 евро қалады. Сонда кәсіпкердің айлық табысы қанша?

4. ОҚО облыстық білім департаментіндегі шенеуніктердің 14-і «Д» руының өкілдері. Ал сол департаментегі «Қ» руының өкілдері олардан 7 адам артық. Департаменттегі шенеуніктердің неше пайызы «Д» руының өкілдері?

5. Қордабай шал соғымға байлаған тайыншасынан таза 35 кг ет алады. Ол еттің 65 пайызы құда-құдағиларға сыбаға ретінде кетеді. Сонда құдалардың еншісіне қанша кг ет тиесілі?

6. Облыс әкімі аппаратының штаты 12 пайызға қысқарғанның өзінде 440 адам қалыпты. Сонда қысқартуға дейін облыс әкімшілігінде қанша адам жұмыс істеген?

7. «К-банк» өзінің салымшыларына салымның жылдық өсімін 4%-ға арттырмақ. Егер қарапайым салымшы банкке 1200 теңге салса,  бір жылдан кейін алатын қаражатының сомасын қанша болады?

8. Кәсіпкер Бейсенбай Жұмабайұлы мемлекеттік тапсырыс бойынша жарияланған конкрустан ұтып алған  қаржысының 15 пайызын әкімнің орынбасарына апарып береді екен. Осы «міндетінен» құтылғаннан кейін оның есепшотында 170 миллион теңге қалады. Ендеше, облыс әкімшілігі жариялаған тендердің жалпы сомасы қанша болғаны?

9. Облыстық мәдениет басқармасы бастығының коттеджін толығымен сырлап шығу үшін бояушы Сағираға 3 күн уақыт керек екен. Бірінші күні Сағира үйдің 56 пайызын, екінші күні - 75 пайызын, ал үшінші күні қалған 33 шаршы метрін сырлап шығады. Сонда бастықтың коттеджінің ауданы қанша шаршы метр?

10. Өрт сөндіруші Берік, салық жинаушы Марат, полиция бастығы Болат кәсіпкер Қазақбай Халықұлының фирмасына сәйкесінше 3 күнде, 4 күнде, 5 күнде бір рет барады. Олар аталған фирмада дүйсенбі күні кездесті. Неше күннен кейін және аптаның қай күні олар Қазақбайдың фирмасында қайтадан кездесетін болады?

11. Үкімет ұсынған заң жобасын 4 аудармашы 32 сағатта аударып бітеді екен. Егер аудармашылардың саны екі есе кемитін болса, заң жобасын аударуға қанша уақыт қажет болады?

12. Мекеме бастығы қызының тойына қызметкерлер қымбат сыйлық алып беретін болыпты. Егер әр қызметкер жалақысынан 75 доллардан берсе, барлық шығынға 440 доллар жетпейді, егер әрқайсысы 80 доллардан өткізсе, онда 440 доллар артылып қалған болар еді. Сыйлыққа қанша қызметкер ақша қосады?

13. Аудан әкімі ұлдарына 700 м2 жерді мұраға қалдырмақ. Егер әкімнің кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің  бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тиді?

14. Сусиыр «Тұрсынбай» зебра «Сейсенбайдан» 480 кг-ға артық, яғни сусиырдың салмағы зебрадан 5 есе ауыр. Сусиырдың салмағы қанша?

15.  Зауытта 880 жұмысшы бар. Олардың 35%-і қазақ. Орыстар мен кәрістердің жалпы санының 75%-ын орыстар құрайды. Зауытта қанша орыс және қанша кәріс бар?

Осы есептерді дұрыс шығарып, жауабын ең бірінші жіберген оқырманға редакцияның азын-аулақ сыйлығы бар екенін ескертеміз!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347