Дүйсенбі, 13 Қазан 2025
Билік 2720 0 пікір 10 Қаңтар, 2021 сағат 12:38

Мемлекет басшысы сайлауда дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді.

ҚР Президенті елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, Депутаттарды сайлау бойынша дауыс беру Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде құрылған 10 060 сайлау учаскесінде жүргізіліп отыр. Сайлау комиссиялары дауыс беру орны мен уақыты туралы дер уақытында ақпарат берді. Елорда уақытымен сағат 08.00-де еліміздегі 9 994 сайлау учаскесінде және шет мемлекеттердегі қазақстан өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 842
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9968