Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3078 1 пікір 10 Қаңтар, 2021 сағат 14:24

Әшімбаев Парламент сайлауында өз таңдауын жасады

Парламент Сенатаның Төрағасы Мәулен Әшімбаев өз таңдауын жасады. Жоғары палатаның төрағасы елордадағы Ұлттық кітапханада ашылған №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сонымен қатар, сенат төрағасы кезекті сайлау жайлы пікір білдіріп, азаматтарды мемлекеттің дамуына ықпал ететін саяси шараға белсенді қатысуға шақырды.

- Бүгін ел дамуындағы маңызды күндердің бірі. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде бұл сайлаудың бұрынғылардан жөні бөлек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бірқатар саяси реформалардың алғаш рет осы науқанда іске асырылып жатқанын да жақсы білеміз.

Соның ішінде партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға арнайы 30 пайыздық квотаның енгізілуін, парламенттік оппозиция институтының заңмен бекітілуін және саяси партияларды тіркеу тәртібінің жеңілдетілуін ерекше атап өтуге болады.

Жалпы, бүгінгі сайлау Президентіміздің әлеуметтік-экономикалық бастамаларын табысты жүзеге асыруға және Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін береді деп сенеміз. Ол үшін азаматтарымыз дауыс беруде белсенділік танытуы қажет. Мен де бүгін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым.

Дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық құқығымыз және борышымыз. Бұл – әр азамат үшін мемлекеттің дамуына ықпал ететін мүмкіндік. Сол себепті, еліміздегі барша сайлаушыларды осы мүмкіндікті жібермей, саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын, - деді Әшімбаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397