Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5475 6 пікір 10 Қаңтар, 2021 сағат 19:14

Жапония сияқты ел боламыз ба?

Жапония сияқты ел боламыз деп арманда кететін болдық қой...

1. Жапонияда егістікке арналған ауылшаруашылық жерлеріне егістіктің пішінімен ұлттық нақыштағы егістік поляларын салып жатыр екен. Егістіктің поляларында ұлттық тарихи танымдағы барлық суреттер бар. Сол егістік поляларында қарбызды текше сияқты етіп өсіріп шығаруды іске асырып жатыр.

2. Жапония сағатына 320 км/сағ жылдымдықпен жүретін пойыздарды іске қосып қойған. Қалааралық жұмыстарға шығатын жолаушылар үшін барып келу сөз емес. Тез барып, тез келе салады. Жапонияда мұндай пойыздардың 6 түрі шығады. Олардың кейбірі кроссовкаға қатты ұқсайды.

3. Жапониялықтар ақталуды білмейді. Сіз қай жерде болсаңыз да, қай кафеде немесе ресторанда отырсаңыз да, сізге тапсырыс берген зат сол қалпында жетеді. Тапсырыс бергенде өзіңіз қателеспесеңіз болды, жапониялықтар ешқашан да ол жағынан қателік жібермейді.

4. Жапониялықтар балаларына көзін ашқаннан, есі кіргеннен бастап қоршаған ортаны қорғауды үйретеді. Әрбір тал мен өсімдікке, жануарларға қамқорлық жасауды оқытады. Жапонияда мектептерде еден жуушылар болмайды. Сынып бөлмелеріне дейін оқушылар өздері тап-тұйнақтай етіп, тазалап кетеді.

5. Жапония әлемдегі ең жоғары деңгейдегі автоматтандырылған ел. Бұл елде 5,5 миллиондай мекеме автоматтандырылған. Қазіргі кезде қонақ үйлердің өзінде роботтар қызмет көрсетеді. Роботтардың соңғы үлгідегі түрі адамға қатты ұқсайды.

7 мың аралдардан тұратын Жапония осындай мәдениетті, өркениетті, ғажап әрі тамаша ел!

Өте бақытты ел деп осы Жапонияны айта аламын!

Бекболат Қаржанның жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420