Сөйленбей қалған сөз
Ардақты ағайын! Қадiрмендi қазақстандықтар, алматылықтар, қандастар!
Мен бүгiнде сiздердi "сырластарым, мұңдастарым, мүдделестерiм!" деп атағым келiп тұр.
Менi бiразыңыз қаламгер ретiнде тануларыңыз мүмкiн. Көпшiлiгiңiз танымайсыз да. Бiрақ мен бүгiн сiздерге өте жақынмын. Сiздермен бiрмiн. Сiздермен бiргемiн. Себебi мен де дәл сiздер сияқты әр сайлауда өз даусын ұрлатқызатын шарасыз мұңдас пендемiн. Мен де сiздер тәрiздi сонау Жаңаөзендегi бейкүнә қырылған қыршындардың қазасын аза тұтқан, жүрегi қан жылаған қазақтың бiрiмiн. Сондықтан да мен сiздердiң сырлас, мұңдас мүдделесiңiзбiн.
Өйткенi Жаңаөзендегi қанды қырғын - бүкiл қазақтың кеудесiне қадалған қанды жебе;
Өйткенi, Жаңаөзендегi қанды қырғын - бүкiл қазақтың жүрегiн қақ тiлген жазылмас жара;
Өйткенi Жаңаөзендегi қанды қырғын - бүкiл қазақты билiктегi, биiктегi басынған шағын топ пен төмендегi өксiген, ашынған қалың көптi екi бөлген қанды меже;
Өйткенi Жаңаөзендегi қанды қырғын - мүлгiп, шұлғып мәңгүрттенген қазақты жұлқып оятып, шарпып ойлантып, есiн жиғызып, ерiк-ырқын босатып алуға итермелеген ғаламат оқиға;
Өйткенi Жаңаөзендегi қанды қырғын - «Қазаққа қазақ неге оқ атты? Қазақты қазақ неге қырып салды? Қазақты қазақ атуға кiм бұйрық бердi?" деген қанжардай тiлгiлейтiн сұрақтарды әрқайсымыздың кеудемiзден айтқыза бастады.
Ардақты ағайын! Қадiрмендi қазақстандықтар, алматылықтар, қандастар!
Мен бүгiнде сiздердi "сырластарым, мұңдастарым, мүдделестерiм!" деп атағым келiп тұр.
Менi бiразыңыз қаламгер ретiнде тануларыңыз мүмкiн. Көпшiлiгiңiз танымайсыз да. Бiрақ мен бүгiн сiздерге өте жақынмын. Сiздермен бiрмiн. Сiздермен бiргемiн. Себебi мен де дәл сiздер сияқты әр сайлауда өз даусын ұрлатқызатын шарасыз мұңдас пендемiн. Мен де сiздер тәрiздi сонау Жаңаөзендегi бейкүнә қырылған қыршындардың қазасын аза тұтқан, жүрегi қан жылаған қазақтың бiрiмiн. Сондықтан да мен сiздердiң сырлас, мұңдас мүдделесiңiзбiн.
Өйткенi Жаңаөзендегi қанды қырғын - бүкiл қазақтың кеудесiне қадалған қанды жебе;
Өйткенi, Жаңаөзендегi қанды қырғын - бүкiл қазақтың жүрегiн қақ тiлген жазылмас жара;
Өйткенi Жаңаөзендегi қанды қырғын - бүкiл қазақты билiктегi, биiктегi басынған шағын топ пен төмендегi өксiген, ашынған қалың көптi екi бөлген қанды меже;
Өйткенi Жаңаөзендегi қанды қырғын - мүлгiп, шұлғып мәңгүрттенген қазақты жұлқып оятып, шарпып ойлантып, есiн жиғызып, ерiк-ырқын босатып алуға итермелеген ғаламат оқиға;
Өйткенi Жаңаөзендегi қанды қырғын - «Қазаққа қазақ неге оқ атты? Қазақты қазақ неге қырып салды? Қазақты қазақ атуға кiм бұйрық бердi?" деген қанжардай тiлгiлейтiн сұрақтарды әрқайсымыздың кеудемiзден айтқыза бастады.
Қадiрмендi мұңдастар! Биiктегi билiктiң жауапсыз немқұрайлығы барынша асқынғандықтан ел iшiндегi төменгi мен жоғарғының бiрiн-бiрi түсiнуi мүлде жойылды. Барлық өңiрде жұмыссыздық белең алып, ауылдық жерлерде қайыршылыққа жақын жұртшылық тiршiлiгi басталды. Жоғарының төмендi менсiнбеуi, төбесiнен төнiп дiкiлдеуi, өтiрiк ақпарды көрнеу көзге алға шығаруы, сайлау бiткендi бiрде-бiр рет дұрыс өткiзбеуi, дауыс ұрлауы, оппозицияны шеттетуi, қудалауы, өтiрiк пәле-жала жабуы көбейдi.
Осындай келеңсiз, қитұрқы әрекеттердiң себеп-салдарынан тұтанған наразылық көрiнiстерi ел iшiнде бас көтере бастады.
Оларға бүкiл қоғамымыздың тiрегiнiң сықырлап сызат түсiргенiн байқататын жастардың өзiне-өзi қол жұмсаулары айғақ.
Оларға шарасыз үлескерлердiң сандалтқан күрескерлiгiнен еш нәтиже шығара алмай ерiксiздiк бұғауында қылғынып, өзiн-өзi өртеудiң көбеюi куә.
Оларға отанымыздың түкпiр-түкпiрiнен дiни экстремистердiң оқты қардай боратып, қызыл қанды судай ағызуы дәлел.
Ол аздай-ақ өткен жылы халықтың келiсiмiнсiз Кеден одағына күмп етiп қойып кеттiк те, қомағай Ресейдi тесiк-жыртық қалтамызға бiр түсiрiп едiк. Ертең Еуразия одағына сүмеңдеп кiрiп, ортақ экономика, ортақ валюта, ортақ шекара дейтiн сұмдықтарды алға шығарып, жиырма жылдығын тойлаған тәуелсiздiгiмiздi, жиырма бiрншi жылы қыл мойнымызға қылбұрау боп түсетiн Путиннiң қанды қанжығасына мықтап байлап берiп, бұрынғы құлдық, кемдiк, бодандық таз кепемiздi қайта киемiз.
Бүгiнгi күннiң бадырайып тұрған осынау сұрқияларын көпсiнiп жүргенiмiзде, Жаңаөзендегi қанды қырғын ұлт трагедиясы, халық қасiретi боп тағы қосылды.
Оған не себеп?
Ол - орталық, астаналық билiктiң Маңғыстау өлкесiнiң аса қиын әлеуметтiк жағдайына, тұрмыс-тiршiлiгiнiң күрделi мәселелерiне немкеттiлiкпен атүстi қараудан туындаған ұлттық трагедия.
Ол - жетi ай бойы аптап пен аязда өз мұң-мұқтажын жоғарыға айтып жеткiзе алмаған мұнайшыларды алыстан ызбар шаша қорқытып, үркiтiп отырып, бұғалыққа басын сұғар үйiрiне қайта қосам дейтiн өктемшiл билiктiң ұрдажық әрекетiнен өрбiген халық қасiретi.
Төрдегiлерден әдiлеттiк күткен, ақиқатты аңсаған маңғыстаулықтарға президент түгiлi, премьер-министр де, салалық министрлер де барған жоқ. Бару қайда, әлгiлердiң талап-тiлектерiн ескермек тұрмақ, елемедi де.
16 желтоқсан 2011 жыл. Бүкiл елдiң тәуелсiздiгiмiздi мерекелейтiн қасиеттi де, киелi той күнi! Ал сол айтулы мейрам күнiмiз қасiреттi күнге, қайғылы күнге айналды. Халық қара жамылды. Ұлтты үрей биледi. Ұлт кеудесiн кек жайлады. Қазаққа қазақ оқ атты!.. Неге? Не үшiн? Кiм үшiн? Кiм атқызды? Кiм бұйырды?
Халықтың жүрегiне оқ қадалды. Бүкiл ұлт болып өкiнiштiң жолына өксiп түстiк. Өкiрiп көр құштық. Бұрынғы бiр арманымыз, бiр тiлегiмiз, бiр талабымыз бiр-ақ сәтте быт-шыт боп ыдырады. Төбе бiр бөлек. Төмендегi бiр бөлек. Бiр дiндегi, бiр дiлдегi, бiр тiлдегi ұлт екiұдай. Әкеге бала, iнiге аға қарсы болғанымыз ба шынымен... Неге?
Өйткенi зиялымыз тозды да азды. Олардағы жағымпаздық, жалтақтаушылық, сыбаға күтiп қол жаюшылық, азаматтық парыз бен қарызды, ар мен ұятты, қайырым мен мейiрiмдi ұмыттырды. Күштiнiң әлсiздi пiсiрмей-ақ жейтiнi, мықтының нашарды ойыншық қып ойнауы, құрбандыққа шалуы - бүгiнгi бiздiң әдетке айналған тiршiлiгiмiз.
Құлдық күйдегi қоғамның, мүлгiген, шұлғыған қоғамның әр тұсынан билiктiң қиянатына қарсы қадау-қадау дауыс көтерген бес-алты қаламгер болмаса, тұтас зиялы қауым зиянды қауымға айналып кеткендей-ау. Әбдiжәмiл, Ермек, Еркеғали, Бибiгүлдей үлкендерiмiз үнсiз қалса, Әбiш, Фариза, Нұрландар мұнайшыларды "бұзақы! басбұзар!" деп кiнәлап, қара қарғысын құя салды.
Ал елiмiздегi басқа ұлт өкiлдерi, сондай-ақ православия, иудаизм төңiрегiндегiлердiң бiрде-бiрi тiс жарған жоқ. Соған қарағанда, оларға қазақтың бiрiн-бiрi қырғаны қызық болатын сияқты-ау.
Тарихтың көкшешек жетiмегiндей, лениндiк-сталиндiк саясаттың мұрагерiндей боп, тiптi заң шығаруға да икемделген ассамблея да тырс етiп үндеуге жарамады. Өйткенi ол ұлтаралық достық, татуластыққа емес, билiкке қызмет етiп, солардың шашбауын көтеретiнiн тағы бiр дәлелдедi.
Төрдегi топқа ойлы, милы бастың, зерделi зерек кеуденiң, интеллектiнiң түкке де қажетi жоқ. Мықты болуың үшiн, өсуiң мен бөсуiң үшiн төбеде отырған төре кланның өкiлi болсаң жетiп жатыр. Мектеп мұғалiмiнен тiзiм арқылы-ақ мәжiлiске депутат, колхоз агрономынан облысқа әкiм, слесарь-сантехниктен зауыт директоры, қожасы болып шыға келу түкiрiп тастаудан да оңай.
Халқымыздың кемеңгерлiгi, жанының кеңдiгi, көнiмпаз көңтерiлiгi - жоғарыдағылар үшiн нашарлық, сорлылық, әлсiздiк һәм бишаралық боп саналады. Сол себептi де олар өздерiн Құдай, немесе құдайдан былай еместей көредi. Сол себептi де мемлекетiмiз бүгiн ғана туа салғандай, ұлтымыз әлгiнде ғана жаратылғандай сезiнуiмiз керек. Өйткенi соның бәрiн жасаушы жалғыз ғана Құдiрет иесi бiзге ғана нұрын шашып отырғандай ғажайып мақтанышқа бөленуге тиiс екенбiз.
Ал өз кенiмiздi өзгелер қазып алып, байып жатқанында, бас қаламызды басқалардың алабажақ етiп салып жатқанында мүлде жұмысымыз жоқ. Дуылдап, шуылдап далиямыз, далақтаймыз кеп. Ал Жаңаөзендегiдей қанды оқиғалар болғанда ғана есiмiз шыға алақтаймыз кеп.
Құдай-ау, дейiкшi: "Қан не үшiн төгiлдi? Қыршын ұлдардың қаны! Елдi жаудан, ердi даудан қорғауда төгiлдi ме? Жоқ! Ақша үшiн. Өзгелердiң ертең қоржынына миллиардтап құйылар оңай олжа үшiн!
Анау "Қазмыстың" жартысы өзгенiкi. Анау "Қаражанбас мұнайдың" тоқсан пайызы өзгенiкi. Өткенде ғана соның он пайызын өзiмiзге қайтарып алдық деп үкiмет шәпкiсiн аспанға атып қуанды ғой. Неге тоқсан пайызға қайтарып алмайды. Сөйтiп бүкiл елдi, баршамызды неге қуантпайды?
Жаңаөзендегi төтенше жағдайдың мерзiмiн билiк неге ұзаққа созды деген сұрақ, қадiрлi мұңдастарым, менiң де миымды шағып, мазамды қашырып бiттi. Не үшiн созу қажет болды? Қолмен жасаған қылмысты көмбелеп жасыру үшiн бе? Өлген қыршындардың анық санын бiлдiрмеу үшiн бе? Iзсiз-түзсiз жоғалды дегендердiң iзiн жою үшiн бе? Әлде қорқыту-үркiту, ұрып-соғу арқылы анау өжет жандардың, өжет Адайлардың, өжет оралмандардың мысын басу үшiн бе?
"Бәрiне, бар келеңсiздiкке оралмандар кiнәлi" - дейдi Құлыбаев та, Шүкеев те, Мәсiмов те. Оралмандар отанына оралғаны үшiн кiнәлi ме? Жұмыссыз, үйсiз, күйсiз болғаны үшiн кiнәлi ме? Ондай жоқтарды үкiмет неге бар қылмайды?
Жаңаөзендегi қираған-бүлiнгендi қалпына келтiру және әлеуметтiк мақсаттарға миллиардтап қаржы бөлiнедi екен. Бөлiнсе, сол қаражат тиiстi орнына дұрыс жетер ме? Әлде шенеунiктердiң қомағай өңешiне сүңгiп кетер ме? Гәп осында. Ал Мәсiмов жолдас сол қыруар қаржыны өз қалтасынан шығарғандай керiлiп, кердеңдеп маңғаз. Дер кезiнде әлiптiң алдын алып, анау ереуiлдеген мұнайшылардың талап-тiлегiне көңiл бөлгенде, қан төгiлмес едi. Осыншама шығын болмас та едi. Қателiктi көре бiлу де, көрсете бiлу де өте қажет екенiн президент те ескерсе дер едiм. Әйтпесе, "елбасыға тек қана көмекшiмiн!" дейтiндер көбейiп, төмендегiлердiң талабына құлақ аспайтындар азая бермек.
Халықтың билiкке деген ұлы сенiмi сөне бастады. Сол сенiмдi қалай қалпына келтiре аламыз? Анау шаңырақтары шайқалған маңғыстаулықтардың көңiлiне медеу, үйiне береке, ауылына мереке берер қандай алданыш пен жұбаныш бар? Бар ма сондай мейiрiм мен пейiл билiкте? Әлде осы уақытқа дейiн тоқтатпаған ұрып-соғуын, жазықсыз жазалауын, түрмеге тоғытуын, үркiтiп-қорқытуын жалғастыра бере ме?
Қымбатты мүдделестерiм! Мен де сiздер сияқты "Сайлау неге дұрыс өтпедi? Даусымыз неге ұрланды? Оппозиция серкелерi тiзiмнен неге түсiп қалды?" дейтiн көп сұрақтың қамауында қалдым. Оларға жауап жоқ. Болмайды да. Өйткенi бұл билiкке өзiне қарсы сөйлер ауыз қажет емес. Одаға, мақтау-мадақтауға үйренген құлақ сын мен мiндi тыңдамайды.
Ал зиялы қауымды - зиянды қауымға айналып барады деуiмiз жалған емес. Өйткенi бiз жоғарыдағыларға батырып айта алмаймыз. Жалпақтап күн көрiп, жалпақтап етек сүйiп, жалпылдап ода жазып тiрлiк кешемiз. Құнымыз президент стипендиясы дейтiн 300 мың теңгенiң төңiрегi ғана. Өзiмiзге тиесi әлденеше миллион долларға татитын қаламақымызды - қаламгерлiк еңбегiмiздiң өтеуiн жиырма жылдан берi ала алмай жүргенiмiзбен мүлде iсiмiз жоқ. Сол қаламақымызды ұрлап, тығып отырған билiкке қарсы мыңқ етiп те көрген емеспiз. Зиялы деп атансақ та, өзiмiздi-өзiмiз кемiтiп, өзiмiздi-өзiмiз қорғай алмай жүрмiз.
Қымбатты мұңдастарым, үзеңгiлестерiм менiң! Жаңаөзендегi қанды қырғын билiкке ғаламат қорқыныш туғызғанын менен артық бiлесiздер. Билiктiң ой-бойын құрсаулап үлкен үрейдiң билеп алғанын сол билiктiң солақай әрекетiнен-ақ көре бастадыңыздар.
Ол қандай әрекет?
Күндiз күлкiсiн ұрлап, түнде ұйқысын бұзып, қарадай қалшылдатып бара жатқан өз кеудесiндегi сұмдық үрейдi билiк көпке, халыққа аудара салмақ боп жанталаса далбасалай бастады. Билiк баршамызды үркiтпек боп әлек. Бәрiмiздi қорқыныштың қоршауына түсiрмек боп әбiгер. Жалған айыптауларды жабудай ғып жапсырып, жазықсыз жазалауларды өздерiнiң мызғымас тәсiл-құралына айналдырып алды.
Өйткенi үрей билеген кеудеде өжеттiк түнемейтiнiн, қорқақ жаннан күрескер шықпайтынын төрдегiлер де, түйсiксiз емес, сезедi. Сондықтан да олар әдiлет iздеп шырылдаған батыл да қайтпас, жерiне жеткiзiп айтатын Болат Әбiлев пен Әмiржан Қосановты темiр тордың арғы жағынан тағы да бiр-ақ шығарды.
Апырау, үйiне, жұмыс орнына сауылдап жетiп келiп, дырылдатып сүйреп әкетiп, апыр-топыр күйде сот үкiмiн теп-тез шығарып, елiмiздiң азат азаматтарын еркiнен айырып, кiнәсiз болса да қамап тастау - қай заңдылыққа, қай ақиқатқа, қай әдiлетке сыяды?!
Бiр, он, жүз тiптi мың адамды үркiтiп, қорқытуға болар. Бiрақ миллиондарды сескенту мүмкiн емес қой. Ендеше, бүгiнгi тiктелген еңсемiздi, жазылған белiмiздi, көтерiлген кеудемiздi, жаңғырған жiгерiмiздi сол қалпында сақтай бiлейiк. Сонда ғана Карл Маркстың: "Бүкiл байлығын аздаған топ иемденген мемлекеттi отаным деп атауға болмайды!" деген пайымдауына сүйенiп, өз отанымыздың бар игiлiгiн, әдiлетiн, шындығын, барлық заңын пайдамызға асыра алатын азаматы атанарымыз хақ.
Сол күнге қол ұстасып, қатарымызды түзеп тезiрек жетейiк, мүдделестерiм менiң.
"Жас Алаштан":
Автор арнайы дайындаған бұл сөзiн 25 ақпандағы митингiде айтпақ болған екен. Сол үшiн халық жиналған Абай ескерткiшi маңына барған. Бiрақ ол жерде микрофонсыз сөйлеуге, яғни қалың қауымға даусын жеткiзу үшiн айқайлап сөйлеуге денсаулық жағдайы келмеген. Халықшыл жазушының ойын, өзiн де, қоғамды да мазалаған жайттарды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдiк.
Софы СМАТАЕВ
«Жас Алаш» газеті