Қайран қалдырған «Қара жорға» Гиннесс рекордтар кітабына енді
Астана жастарының Қазақстан тәуелсіздігінің күні орындаған «Қара жорға» биі Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл туралы «ҚазБренд» қоғамдық қоры хабарлады.
- Өткен аптада бізге ең үлкен биді орындағанымыз үшін сертификат келді. Рекордтар кітабы 399 адамды тіркеді, бірақ іс жүзінде одан көп болды, - дейді ҚазТАГ агенттігіне берген деректерінде қоғамдық қордың директоры Евгений Рибалко.
Бидің рекордтар кітабына енуі үлкен қоғамдық резонанс тудырыпты. Атап айтқанда, интернет желісінде бұл биді көп адамның орындау фактісі қызу талқыланып жатыр. «Бірақ шынын айтсақ, біз мұны рекордтар кітабына кіретін әлемдегі ең үлкен шатыр -«Хан Шатыр» сауда-көңіл көтеру орталығында жасағанымыз және биді белгілі бір атрибуттармен орындағанымыз мәнді. Біз тәуелсіздік логотиптері, ұлттық атрибуттары бар сегменттері бейнеленген жейде киіп биледік. Би 5 минутқа жалғасты. Яғни біз Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін кәдімгідей тырыстық» деді қор директоры.
Биді жастар қысқа мерзімде дайындаған. 16-21 жас аралығындағы қыз-жігіттердің барлығы әуесқойлар. Олар биді түнде жатақханаларында, басқа жерлерде үйренген. Соған қарамастан бәрі үйлесімді билеп шықты. Олардың арасында студенттер де, осы акцияға қатысуға интернет арқылы ниет танытқан қарапайым балалар болған.
«Айқын» газеті