Сенбі, 23 Қараша 2024
4246 5 пікір 14 Қаңтар, 2021 сағат 12:23

Навальный Ресейге қайта оралатынын мәлімдеді

Оппозиционер Алексей Навальный Ресейге қайта оралатынын мәлімдеді.

Саясаткер 17 қаңтарда Мәскеуге ұшатын рейске билет алған.

«Мені қайтам ба, әлде қалам ба деген сұрақ мазалаған емес. Мен ешқайда кетпедім. Германияға мені жансақтау төсегімен бірге алып келді. Оның себебі: мені өлтіруге тырысты

Мен аман қалдым. Енді мені өлтіруге бұйрық берген Путин өзінің бүкіл қызметшілеріне мен қайтып келмеуім үшін бәрін жаса деп айтады. Қызметкерлер әдеттегідей әрекет етеді: олар маған қарсы жаңа қылмыстық істер ойлап табады.

Бірақ олардың не істейтіндері мен үшін онша қызық емес. Ресей - менің елім, Мәскеу - менің қалам, мен оларды сағындым.

Сондықтан, бүгін таңертең мен «Победа» компаниясының сайтына барып, билеттер сатып алдым.

17 қаңтар, жексенбіде мен «Победа» рейсімен үйге ораламын. Кездескенше!» 

Айта кетейік, ресейлік оппозиционер былтыр тамыздан бері Германияда тұрып жатыр. Оны Берлинге медициналық ұшақпен жеткізді. Бірнеше зертхана саясаткерге у бергенін анықтады. Ол у "Новичок" тобына жататыны мәлім болды.

Ресей билігі саясаткер өміріне қастандық жасалғанын елемей отыр. Халықаралық журналистер тобы оппозиционерге жасалған қастандыққа Федералдық қауіпсіздік қызметінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтаған. Кремль мұндай болжамды жоққа шығарды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525