Сенбі, 23 Қараша 2024
3158 2 пікір 21 Қаңтар, 2021 сағат 12:11

Ресей АҚШ-қа шабуылдаушы құралдарды азайтуды ұсынды

Ресейдің сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың 46-президенті Джо Байден ант беріп, қызметіне кірісерден бірнеше минөт бұрын Ақ үйге Стратегиялық шабуылдаушы құралдарды азайту жөніндегі (СНВ-3) екіжақты келісімді тағы бес жылға созуды ұсынды деп хабарлайды РБК.

Министрлік Мәскеу келісімді бұрынғы шартпен ұзартуды қолдайтынын, Трамп әкімшілігі әскери-стратегиялық тармақта АҚШ-тың мүддесін ғана есепке алғанын жеткізген.

Осыған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Вашингтонның СНВ-3 келісімін сақтап қалу ниетін қолдайтынын айтқан.

19 қаңтарда Джо Байден тарабынан АҚШ-тың мемлекеттік хатшылығына ұсынылған Энтони Блинкен жаңа президент әкімшілігі СНВ-3 келісімін ұзартуға әрекет жасайтынын және оның мерзімі талқыланып жатқанын айтқан.

Ресей президенті Владимир Путин былтыр Вашингтонды ешқандай шартсыз келісімді тағы бір жылға ұзартуға шақырған.

Екі ел ортасындағы ядролық қарулану бойынша 2010 жылы қол қойылған стратегиялық шабуылдаушы құралдарды азайту жөніндегі (СНВ-3) келісімнің мерзімі келер жылдың ақпанында аяқталады.

(Дереккөз: Centralasian.org)

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5399