Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5071 12 пікір 21 Қаңтар, 2021 сағат 12:25

Аттылар акциясы - сепаратистерге сес!

Соңғы тәуліктерде жалау көтеріп атқа қонған қалың қолды айыптаған түрлі жазбалар көбейіп кетті. Көпшілігі авасында суреті жоқ титушкілер. Қазақтың бар екендігін, тірі екендігін білдіріп челендж жасаса несі айып?!

Солтүстік жерлерімізді қорғауда қаладағы қазақтар тым-тырс жатқанда ауылдағы жігіттер атқа қонса сол айып па екен?! Мұндай акция басқа түгілі мәшинесіне георгиев лентасын таққан өзіміздің орекеңдер үшін де сес. Олардың көпшілігі құдай оның бетін аулақ қылсын, ресейліктер қазақ жеріне басып кірсе дереу "зеленный человечек" болайын деп тұр. Аттылар акциясы қазақтың ондай сепаратизмге жол бере алмайтынын аңғартады. Міндетті түрде қарсыласу қозғалысы болатынын ескертеді. Әдетте орыстар "грубый силадан" басқаны мойындамайды. Сондықтан мұндай акциялар өте орынды! Әсіресе, казак-орыстар әскери форма киіп көшеге шыққан күндері, мысалы 9-мамырда ту көтеріп, атқа мінген қазақтар кәдімгідей әлгілердің есін жинатар еді.

Ал сайлау күні Алматыда сегіз сағат көшеде тұрғандарға сонау 330 шм жердегі Нарынқолдан атпен неге жетіп келмедің деу ағаттық! Әрі екеуі саяси тұрғыдан екі бөлек оқиға. Сегіз сағат тұрғандар билікке наразылығын білдірді. Ал атқа қонғандар орекеңдердің сепаратистік пиғылдарына тосқауыл қойды. Ұлт үшін екеуі де маңызды.

Баяғыда әйгілі демограф Мақаш Тәтімов "Бізге жұмысшы болса да, қылмыскер болса да қазақтың саны керек, сан болса сапа да болады" деуші еді, сол айтпақшы, атпен шықса да, жаяу шықса да, ұшақпен шықса да солтүстік көршілерге айбар көрсетілгені дұрыс! Әрі мұндай наразылық Астана ма, Алматы ма, Нью-Йорк пе қай жерде өтсе де қазаққа қымбат!

Сондықтан қазақтың абыройы үшін атқа қонған жігіттерді қолдайық! Қолдай алмасақ, ең болмаса оларды айыптап титушкілер құсап кері пікір туғызбайық!

Марат Байділдәұлының жазбасы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394