Сенбі, 23 Қараша 2024
3372 2 пікір 22 Қаңтар, 2021 сағат 14:35

Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстан президенті міндетін уақытша атқарушы, Жогорку кеңеш спикері Талант Мамытов премьер-министр мен үкіметтің өкілетін аяқтау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының сайтында хабарланды.

Хабарламада президент сайлауының ресми қорытындысы жарияланып, Садыр Жапаровтың премьер-министр өкілетін аяқтау туралы өтініш бергені жазылған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің жазуынша, бұл жарлық бойынша үкімет толық отставкаға кетті деп саналады. Премьер-министр міндетін Артем Новиков уақытша атқарады.

Бұған дейін Садыр Жапаровтың президент сайлауының ресми нәтижесі шыққаннан кейін премьер-министр өкілетінен бас тартатыны хабарланған еді. Конституция бойынша, бұдан соң үкімет толық отставкаға кетуі тиіс.

Былтыр 6 қазанда Қырғызстанда халық толқуы болып, артынша билік ауысқан. Жогорку кеңештің кезектен тыс отырысында Садыр Жапаров премьер-министр болып тағайындалған. Кейін ол президент сайлауына түскісі келетінін айтып, үкімет жетекшісінің өкілетін уақытша тоқтатқан. Оның міндеті премьер-министрдің орынбасары Артем Новиковқа жүктелген.

20 қаңтарда орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының ресми нәтижесін жариялап, Садыр Жапаровтың жеңгенін мәлімдеді. Оның инаугурациясы 28 қаңтарда өтеді.

Кезектен тыс президент сайлауы 10 қаңтарда өткен, оған 17 кандидат қатысқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371