Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
4387 3 пікір 29 Қаңтар, 2021 сағат 12:21

Сот Алмазбек Атамбаевты үйқамаққа шығармады

28 қаңтарда Бішкекте Бірінші май аудандық сотында қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты сот отырысы өту жоспарланған.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, экс-президент Алмазбек Атамбаевтың адвокаттары оны үйқамаққа шығару жөнінде өтініш берген. Бірақ сот бұл өтінішті ашық қалдырған.

Атамбаев сотқа жеткізілмегендіктен сот отырысы 3 ақпанға шегерілді.

Былтыр 30 қарашада Қырғызстанның Жоғарғы соты бұл іске қатысты сот үкімін жойып, қайта қарауға Бірінші май аудандық сотына жіберген. Сол кезде де Атамбаевты үйқамаққа шығару жөнінде өтініш жолданған. Бірақ қанағаттандырылмады.

Желтоқсан айында экс-президенттің денсаулығының нашарлауына байланысты оны ҰҚК тергеу абақтысынан №47 колонияға ауыстырған.

2019 жылдың 7-8 тамызында Батукаевты заңсыз босату ісін тергеу аясында Кой-Таш ауылында Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы жүрген. Сол кезде арнайы жасақтың жауынгері қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.

Бұл оқиғаға қатысты 19 адамға айып тағылды. Олардың арасында Алмазбек Атамбаев та бар. Экс-президентке бұдан бөлек Кой-Таштағы жер учаскесін заңсыз иеленді, Бішкектегі Жылу электр орталығын модернизациялауда коррупцияға жол берді, "Терек" кенішін заңсыз иеленді деген айыптар тағылған.

Abai.kz

3 пікір