Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
3431 0 пікір 3 Ақпан, 2021 сағат 12:13

«Жаңа заң жобасы ауылдық бюджеттің кіріс бөлігін арттырады»

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.        

Жаңа заң жобасына сәйкес, енді ауылдық округтердің бюджеттері салықтардың жаңа төрт түрінен түсетін түсімдер есебінен ұлғайтылатын болады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл жергілікті бюджеттердің дербестігін дамытудың жаңа кезеңі, ол ауылдың әлеуметтік мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бюджет қаражатын тиімді әкімшілендірудің маңыздылығын және әкімдерді дайындау деңгейінің қажеттігін  атап өтті. 

Айта кету керек, 2018 жылы қабылданған Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес, бөлінген қаражат бірінші кезекте қайда жұмсалатындығы ауыл тұрғындарының жиналысында анықталатын. Ал, жаңа заң жобасы бойынша әкім аппаратына өз бюджеттерін 20%-дан аспайтын мөлшерде түзетуге мүмкіндік беріледі, бюджетті рәсімдері бекіту оңайлатылады, сондай-ақ, меншікті түсімдер көлемінің 10%-нан аспайтын мөлшерде ауылдық бюджет резервін құру көзделеді.

Сондай-ақ, заң жобасында мәслихаттар депутаттарына қосымша құқықтар мен міндеттер беру және мәслихаттар хатшыларының құқықтық мәртебесін арттыру ұсынылады.

Abai.kz

0 пікір