Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6263 8 пікір 5 Ақпан, 2021 сағат 15:04

Путиннің рейтингі құлады. Енді не болады?

Путиннің рейтингі күн сайын құлдырап барады. Жалпы Путиннің президент болған жылдарының рейтингін қарап шықтым. Сонымен былай.

2000-2008 жылдары президент болған кезде рейтингі ақырындап өсіп-түсіп тұрған. 2000 жылы күзде рейтингі қатты құлдырап кетті. Ол Курск кемесі батуына байланысты болды. Теңізшілерді құтқара алмауы оның рейтингін соққыға алды. Алайда 2008 жылға дейін оның рейтингі 60-70% деңгейінде тұрды. Шешенстандағы соғысты реттегені оның абыройын бір көтерді. 2008 жылы халық арасында оның беделі артты. Әсіресе Грузиямен соғыс сәтінде Путиннің деңгейі көтерілді, ол сәтте Путин президент емес еді. Соған қарамастан халық арасында ең беделді деген тізімнің көшін бастады.

2012 жылы Путин президенттік таққа қайта отырды. 2012-ден бастап Ресей агрессиялық импершіл саясатын арттырды. 2014 жылы Ресей Украинаға агрессия жасап, соғыс ашты. Қырымды тартып алып, шығыс Украинаны бөлшектеді. Қырымды басып алуы Путиннің рейтингін рекордтық деңгейге жеткізді. Бақандай 82%, кей деректе 87%-ға дейін бірақ шарықтады. Артынша Ресей құлағалы тұрған Асад режимін ұстап қалу үшін Сирияға кірді. Бұл 2015 жыл болатын. Халқы оның бұл әрекетін рейтинг барысында оң қабылдап, өз бағасын берді. Дегенмен көтерілген рейтингтiң түсер сәті алыс емес еді. Түріктердің Сирияда Ресей ұшағын атып түсіруі, кейіннен Ресей елшісінің Түркияда өлтірілуі және Путин режимінің түсініксіз реакциясы оның рейтингін төмендете бастады.

2019 жылғы зейнеткерлік жасын көтеру саясаты тіпті оның рейтингіне соққы болды. 2020 жылы Конституцияны тұтастай өз мүддесіне өзгертуі мен Навальныйды улау Кремль басшысының абыройын түсіріп жіберді. 2021 жыл Путин рейтингісінің жұлдызша төмен құлауымен басталды. Навальныйдың қайтып келуі, Путин сарайы жайлы арнайы зерттеуі мен Навальныйды өлтірмек болғандар туралы фильм, Навальныйдың соты, 11 мың наразы халықты абақтыға жауып, аяусыз соққылауы Путиннің деңгейін тағы төмен түсірді. Қазір оның рейтингісі 29% ғана болып тұр. Бұл ол саясатқа келген сәттегі ең төменгі көрсеткіш.

ПыСы: Путин құлдыраған рейтингісін үнемі сыртқы саясатта күтпеген жүрістер жасау арқылы қалпына келтіріп отырады. 2008 - Грузия, 2014 - Украина соған дәлел. Енді не болуы мүмкін? Украина шығысында референдум жасап, қосып алуға тырыса ма, әлде Беларусьты «Одақтас ел» жобасына көндіре ме? Әлде...

Асхат Қасенғалидің жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366