Сенбі, 23 Қараша 2024
3968 15 пікір 8 Ақпан, 2021 сағат 13:11

Литва премьері: Ресейлік вакцина - «гибридтік қару»!

Литва премьер-министрі Ингрида Симоните ресейлік Sputnik V вакцинасын Ресей билігі әлемге ықпал ету үшін қолданған «гибридтік қару» деп атады.

«Барлығы Sputnik V-ді жақсы дейді, бірақ Путин оны ресейліктерді қорғау үшін емес, әлемге өзінің ықпалын кеңейту үшін гибридті қару ретінде ұсынады», - деді Шимоните.

Литва премьер-министрінің бұл мәлімдемесі Ресейде үлкен реакция тудырды.Ресейдің Литвадағы елшілігі Twitter-де:

«Вакцинаны жасау мен қолданудың барлық кезеңдерінде бұрмаланған ақпарат пен осыған ұқсас біржақты мәлімдемелерге қарамастан, халықаралық деңгейде танылған Sputnik V вакцинасы өзін көрсете білді. Ең бастысы, бұқаралық вакцинация қазірдің өзінде Ресейде жүріп жатыр. Ал Литвада ше?»,- деп жазды.

Sputnik V вакцинасы Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінде 2020 жылдың тамызында тіркелген. Оны Гамалея орталығы жасаған.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397