Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3155 0 пікір 18 Наурыз, 2012 сағат 23:44

Интернет-конференция: Әміржан Қосанов (жалғасы)

Конференциямыздың кезекті қонағы - Азат ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов мырза оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беруін одан әрі жалғастырып отыр. Әр сұраққа ыждағатпен жауап берген Әміржан Сағидрахманұлы Жаңаөзен оқиғасының бір ұшығы жайлы: « Жаңаөзенге біздің билік емес, басқа біреу кінәлі деген жорамал Ақорданың өзіне де жағуы мүмкін. Меніңше, Ресей гегемониясының қаупі онсыз да бар. Оның аты - Еуразиялық Одақ. Путин «собиратель земель» екенін жасырмайды. Ал Ақорда жағынан ресейлік идеологиялық экспансияға осы күнге дейін лайықты жауап жоқ. Бұл да ел боп ойланатын жәйт», деп ойын білдіреді.

"Абай-ақпарат"

 

Конференциямыздың кезекті қонағы - Азат ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов мырза оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беруін одан әрі жалғастырып отыр. Әр сұраққа ыждағатпен жауап берген Әміржан Сағидрахманұлы Жаңаөзен оқиғасының бір ұшығы жайлы: « Жаңаөзенге біздің билік емес, басқа біреу кінәлі деген жорамал Ақорданың өзіне де жағуы мүмкін. Меніңше, Ресей гегемониясының қаупі онсыз да бар. Оның аты - Еуразиялық Одақ. Путин «собиратель земель» екенін жасырмайды. Ал Ақорда жағынан ресейлік идеологиялық экспансияға осы күнге дейін лайықты жауап жоқ. Бұл да ел боп ойланатын жәйт», деп ойын білдіреді.

"Абай-ақпарат"

 

- Армысыз! Сізді және жақындарыңызды,жасап жатқан жұмыстарыңызды бақылап жүремін.Түсінгенім сіздің мақсатыңыз РЕВОЛЮЦИЯ!Сіз Сербиялық "Отпор" ұйымынан үлгі аласыз."Свержение диктатора" ол сіз күн сайын көретін деректі методикалық фильм,өйткені сіздің барлық методтарыңыз сол фильмнен алынған.Сіздің алдыңызда Сербиядан үлгі алғандардың қатарында Грузия,Украина,Кыргызстан,Ливан,Араб елдері!Сіздің кумирларыңыз Каштуница,Саакашвили,Ющенко,Навальный,Немцов.Өйткені сіздің барлық методтарыңыз олардан көшірілген!Вы смотритесь очень жалко Амиржан,позор!Ертен елде революция болса Қазақстан құлдырайды,территориямызда бірнеше республика пайда болады,мысалы Адайстан,Шымкентстан дегендей!)Өйткен сіз үлгі тұтатын елдерде солай болды!Сербия Косоводан,Черногориядан айырылды.Грузия Абхазия мен Осетиядан айырылды,Кыргызстан мен Украина екі жаққа бөлінудін алдында тұр.Араб елдерінде анархия,хаос,вахаббитер билікке келді!Сіз сонда неге еліңіздің болашағын ойламайсыз а?Тек өз жеке басыңызды ойлайсыз,өзіңізге пиар ғана жасайсыз!Сіздің мақсатыңыз триумвират Абилов,Косанов,Туякбай!сендердің күшіктерің Мамай мен Инга да сатқындар,"Отпор!" мен "Пора!" ұйымдарын үлгі тұтады!Олардың "Рух пен тіл" клубтарының туларының түсі оранжевый!Яғни оларға оранжевая революция керек!Маккейн мен Фридомхаус сендердің спонсорларын!Туякбай мен Маккейннің фотосын көрдім!Сіз еліңізді неге солай сатасыз?а?

Ерлан әл Саумалкөли,Солтүстік Қазақстан

- Намысқа тиетіндей сұрақтар екен. Жауап бермеуге де болар еді. Бірақ тартынбайын.

Біздің «методтарымыз» - елде қалыптасқан жағдай туралы шындықты айту, биліктің бағдарламасына балама ой-пікір білдіру, оның өтірігін жоққа шығару. Біз ешқашан төңкеріске шақырған жоқпыз! Сіздің сөздеріңізден қазіргі Жаңаөзен сот процесіне әзірленіп жатқан прокурорлардың суық лебі сезіледі екен. Оппозицияға осындай жала жабатындар қатарынан табылып қалыпсыз. Менің айтарым қысқа: аққа Құдай жақ! Керісінше, өзінің халыққа қарсы саясатымен жағдайды ушықтырып тұрған нақ биліктің өзі!

- 18.12.2011 ақтауда Шөкеевке Қаражанбас мұнайшылары айқайлаған соң,Өмірзақ Жаңаөзен халқын 1,5 ай бойы ұрып,тонап,өлтіруді бұйырған деген әңгіме бар.Әсіресе Жаңаөзенде 4 мкр. орналасқан Шымкентен барған 1000 полицейдің халыққа зардабы көп болған.БАСҚА МКР АМАН ЕСЕН КЕЛГЕНДЕР ОСЫ МКРҚАТТЫ ТОНАЛА, ҚОРЛАНАТЫН БОЛҒАН.кейін жаңажылға жақын басқа учаскедегі басқа обл. омондары күлетін.4 мкр абайлаңдар. онда шымкенттіктер тұр деп.Өмірзақ неге қазаққа жау?

- Шынымды айтсам сұрағыңызды түсініңкіремедім. Мәселенің анық-қанығына жету керек сияқты. Бәрі де мүмкін. Бұл биліктен бәрін күтуге болады.

- Менің айтқандарым тура келіп тұр Әміржан!Жаңаөзенге байланысты жақында жаңа сайт ашылды сайттың символы ЖҰМЫЛҒАН ЖҰДЫРЫҚ!Мен айтып жүрген Сербиялық "Отпор!" ұйымының символы жұдырық еді!Эх жалтақтаған ҚАЗАҚ!Алданба!Әміржан сен ен істеп жатырсын?Масқара халқым!Тәуелсіздікке қауып төніп тұр!Алла қолда!Әміржан что ты делаешь со страной?!
Ерлан әл Саумалкөли,Солтүстік Қазақстан

- Қауіп Тәуелсіздікке емес, Сіз қорғаштаған билікке төніп тұр.

- Әміржанның орнына Қазақтың бір ұлы мен жауап берейін саған.
Сөз саптауыңнан көрініп тұр, кім екенің. Сен әлемдегі демократиялық, азаттық оң өзгерістерді, оларды кімдердің жасағандарын не соның жолында жүрген шетелдіктер мен отандастарымызды жіпке тізіп, жіті бақылап отырған биліктің итаршысың! Әттең 2008-жылы Дж. Маккейн президентке сайланбай қалды. Сайланғанда - ТМД диктаторлары биылғы жылдың қарашасына дейін түгелімен тақтарынан айрылатын-ды. Сен де бұлайша санадаламай, жым болатынсың. Жанболат пен Ингалар елімізде мыңдап саналса - Қазақстанның болашағына алаңдамас едім.
3 жүзден, ондаған рулардан тұратын Қазақ елі ұланғайыр жерін қаншама ғасыр сақтап келді? Мұны сақтап тұрған Назарбаев емес, қайта соның билігі тұсында зор қатер төніп келеді тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызға. Сен Гитлердің "Барбароссасынан" кем түспейтін "План Путина" дегенді де білетін сияқтысың, қайтадан Ресей империясын құруды мақсат еткен. бізге мухиттың арғы жағындағы АҚШ қауіпті емес, екі үлкен көршіміз қатерлі. Американдықтар Қазақстанды мәңгі мекен етуді мақсұт тұтпайды.
Әміржан, өзге де Қазақтың нағыз патриоттары елін сатпайды! Кімдердің сататындарын, сатып үлгергендерін халық біліп, көріп отыр айналайын. Сол сатқындықтың салдарынан Қазақстан 120 млрд. сыртқа қарыздар, 2025-жылдан кейін анық байқалады, сезіледі қазақстанның қалай "қақсып" қалғаны. Бізді енді ширек ғасырдан кейін ұрпақтарымыз қарғап-сілейтін болады...
Жұмабай Доспанов, Атырау

- Жұмеке, рахмет пікір қосқаныңызға. Қайтесіз бұл сандыраққа уақытыңызды кетіріп? Биліктің адвокатының сауатының деңгейі осы болса, биліктің өзі жетіскен екен...

 

"""Оңтүстіктегі көрші елдердің бірінен шығатын «махалла.ком» деп аталатын интернет басылым 2011 жылдың желтоқсанында Қазақстанның батыс аймағында болған қанды оқиғаларды ұйымдастырушылар ретінде Ресейдің арнайы органдарына сілтейді.
Олардың ойынша Еуразиялық кеңістік құру идеясын көздеген Назарбаев пен Путин арасында бәсеке бар. Әсіресе өз позициясын нығайту жолында мемлекет байлығын игертуге Қытайды да, Батысты да еркін қабылдай беретін Назарбаевтың болашақ Одақты өз уысында ұстап қалу мүмкіндігі зор. Сондықтан ресейлік оппозицияның оянғанын ескере отырып Путин мырза маңындағы адал берілген арнайы қызметтерді қолданып Жаңаөзен қырғынын қолдан жасаған екен-мыс. Өзіне болашақ орын дайындауда. Халық ашуын туындату арқылы Назарбаевтың тағын шайқалтып, аласапыран сәтті сылтау етпек. Яғни ереуіл мен бүлікке оранған Қазақстанның билігі Путиннен көмек сұрары анық. Сол кезде «достық құшағын» айқара ашып қапсыра қалмақ. Қазақстанның әсіресе Батыс аймағына дендеп еніп кеткен қытайлық экспансиядан, әрине Ресей де қорқады, сол себепті «кіші бауырына» көмектесуді алға тартқан Ресей өз гегемониясын орнатпақшы...
Жаңаөзендегі оқиғаларға ресми Кремльдің ешқандай баға бермеуі де соның тікелей дәлелі дейді шығыстық сарапшылар.
Ресей Федерациясындағы талай террорлық актілер сол ел билігінің қолымен жасалған деп айыптаушылар қашанда көп. Қанды қылмыстарға қатысы бар арнайы қызметті алыстан іздеу бізге де керек емес..."""""

Осыған не дейсіз Қосанов мырза?

Патриот

- Бұл көп долбардың бірі ғана. Жаңаөзенге біздің билік емес, басқа біреу кінәлі деген жорамал Ақорданың өзіне де жағуы мүмкін. Меніңше, Ресей гегемониясының қаупі онсыз да бар. Оның аты - Еуразиялық Одақ. Путин «собиратель земель» екенін жасырмайды. Ал Ақорда жағынан ресейлік идеологиялық экспансияға осы күнге дейін лайықты жауап жоқ. Бұл да ел боп ойланатын жәйт.

- Әміржан аға сіздің көзқарасыңыз қандай, социалистік пе, капиталистік пе ? Тек жауап беріңізші. "Секіруге" болмайды..........

- Жоғарыда жауап бергенмін. Қараңыз.

- Сіз туралы көп біле бермесемде жүзіңіз ашық адам сенетіндей кісілікті адамға ұқсайды екенсіз.
Сізше қазақ еліндегі демократия қандай болуы керек, қазіргі жағдайымызшы ?

- Қазақ еліндегі демократияның басты принципі шын мәніндегі халықтық билік болуы тиіс. Әділ сайлау арқылы халық өз басшыларын сайлап алып, оларға қатаң бақылау жасай алатындай механизмдер болуы керек. Қазіргі жағдай тіпті сын көтермейді!

- Сіздің осылай жапа шегіп жүргендегі саяси не адамдық басты мұратыңыз не ?

- Адами және саяси мұратым бір: Қазақстанда әділетті қоғам орнату, бала-шағам сондай қоғамда өмір сүрсе деймін.

- Сіздеде қорқынышпен пендешілік мүдденің талас тартысымен өзіңізбен күресте болған шығар?

Мен, әрине, періште емеспін. Бірақ ешкімді сатқан емеспін, ешкімге сатылған емеспін. Осы қиын жолда қорықсам өзім үшін емес, жақындарымның денсаулығы мен бас амандығы үшін қорықтым, оны несін жасырайын.

- Оппозиция неге орысшылдау болып көрінеді бұған халқаралық адам құқығы саясаты себеппе, жоқ ресей ықпалыма?

- Бұрын оппозиция орысшылдау болса болған шығар. Қазір жағдай бөлек. Бізде нағыз ұлт жанашырлары жеткілікті. Біз, оппозиция, шетел адам құқын қорғайтын ұйымдарының не Ресейдің ықпалына ешқашан тәуелді болған емеспіз. Болмаймыз да! Қазақстанда демократия орнату ісі - біздің өзіміздің төл ісіміз!

- Сіздер Алаш зиялыларын өнеге алып ұлттық мүддемен рухани мәселелергеде мән бергендеріңізде қолдаушы артарма еді ?

- Өнеге алып келеміз. Алаш зиялыларының рухани мұрасын, теориялық тереңдігін шын мәінінде толық зерттеп, ұғына қоймадық. Ол рас.

- Билікті көп сынағаннан халықтың мұң мұқтажын шынайы түсініп ,соны көбірек ойлағанда дұрыс боларма екен.

- Халықтың мұң-мұқтажын ойлағандықтан біз билікті сынап жүрміз ғой.

- Алдыңғы жолғы сайлауда Тоқтар Әубакіровты неге көп көрсетпедіздер, жоқ ол кісі салқын қандылық көрсеттіме, әлде жеке бас пендешілік мәселелері болдыма.

- Бұл пікіріңізбен келіспеймін. Өткен сайлауға Тоқтар ағамыз өте белсенді қатысты. Талмай ел аралады, барлық үгіт өнімдерінде ол кісінің суреттері мен сөздері болды. Қазақтың хас Батырын ел қолдады!

- Бүгінгі қазақ қоғамындағы басты маңызды мәселелер не деп білесіз, оны шешуге өз ұстаным пайымыңыз қандай ?

- Бүгінгі қазақ қоғамында маңызды мәселе көп. Соның бірегейі - былыққа батып, шектен тыс байлыққа кенелген билікті тәубасына келтіру, билікті өзінің иесі - халыққа қайтарып беру.

- Әміржан бауырым, мен Прагадағы Ержан деген әріптесің боламын. Танып отырған шығарсың. Жоғарыда саған 86-ғы Желтоқсан оқиғасы кезінде жастарды жазалауға атсалысқаның туралы орынды сұрақ қойылыпты.Сол жылы сенің тым белсенді болғаныңды барлығымыз білеміз ғой. Қазір халықтың жағында жүрсін. Бүгінгі іс-әрекетіңді, айтып жүрген сөздеріңді екі қолыммен қолдаймын. Ал сол жылы биліктің жағында болып, біраз жастардың оқудан кетуіне ат салысып едің емес пе? Осы әрекетіңді бүгін мойындағың келмей ме? Кейбір студеттерді оттан арашалап қалғаныңды да мен жақсы білемін. Бірақ, олардың барлығы сенің ауылдасың, руласың немесе достарың болатын.

- Ержан, бұл сұраққа жоғарыда жауап бергенмін. Шынымды айтсам, сен мұның бәрін онсыз да жақсы білесің, кезінде өзің де атсалысқансың бұл тақырыпқа. Сол сен айтқан белсенділіктің арқасында, сол факультеттестерімді оқуда алып қала алдым. Соны өзің де айтып отырсың. Мен көмектескен 14  адамның қай жерден, рудан екенін, шынымды айтсам, осы күнге дейін білмейді екенмін. Кейін біразымен дос болып кеткеніміз рас. Ержан, сол кездегі КГБ қара тізімін жасап, факультетке жібергенде, руларын жазбаған екен, басқа жағынан іріктеген болар. Расын қазір айтуға болады: олардың бәрі сол күні алаңда болған. Ал мен, есіңде болса, олар алаңда болған жоқ деп, қорғап қалдым. Ол кезде оқудан шығып қалмаудың басқа амалы да болмады ғой...

- Масондар туралы не айтасыз?Олардың қазақ билігіне ықпалы қандай.Астанадағы пирамида солардың белгісі ма?Билік неге өз ұлтын сүймейді?Оның ұлты басқа деген сөз шын ба? АДАЙХАН.

- Қазақтың билігіне ықпал етіп жатқан масондар емес, байлыққа деген шексіз құмарлық! Байлыққа табынған билік ұлтын сүймейді ешқашан, өйткені ұлтын сүю деген сөз сол мыңғырған миллиардтарын миллиондармен бөлісу деген сөз. Ондайға біздің шық бермес Шығабай билік бара алмайды!

Адайхан! «Оның ұлты» дегенің кімнің ұлты?

- Ассалаумағалейкум! Әміржан аға !!! Сіздің көзқарасыңыз социалистік пе, әлде капиталистік пе ?

Жоғарыда жауап бергенмін.

- Әбеке, өзіңіздей жан-жақты білімді Азаматтың қазақстан оппозициясында болуы өте маңызды. Бар жағынан шоқтығыңыз биік, білім де, тіл де, шешендік те, табандылық та бар. Сіздің қолдаушыларыңыз көп елде. Соны біліңіз. Менің сұрақтарым мынадай:
Жастай билікте болдыңыз. Оппозицияға кеткеніңізге өкінбейсіз бе қазірде? Дап-дайын министрсіз, одан да биік бола алатын тұлғасыз.

- Билік әділетті болса, оның ішінде жүріп, ойыңды ашық айтып, ел үшін аянбай еңбек етуге мүмкіндік берілсе, одан 1997 жылы өз еркіммен кетіп нем бар еді менің? Бірақ халқыңа тек қана шенеунік шинелін киіп алып қана қызмет етуге болады деп кім айтты? Мәселен, мен өз басым осыншама жыл оппозицияда жүріп те, Отаныма адал еңбек етіп жатырмын деп ойлаймын. Мемлекеттік мансап мақсат емес, ол - халқыңа қызмет етудің бір жолы ғана.

- Өткен президенттік сайлауда оппозициядан неге түспедіңіз? Мен естігенмін осындағы жігіттерден, Алға мен коммунистер сізді қолдадды деп. неге абилов шықты, ол жақсы бизесмен шығар, бірақ президеттікке лайықты емес қой. Оны ұсынуларыңыз о бастан жеңілеміз дегендеріңіз болды.

- Өз әріптестерімнің біразы және басқа партия өкілдерінің өткен президенттік сайлау алдында мені қолдаймыз, түс сайлауға дегені рас. Бірақ мен жеке бас амбициямды партиямыздың бірлігі жолында тәрк еткенмін. Жалпы демократиялық процесс үшін соным дұрыс болды деп ойлаймын.

- Парламеттік сайлауда теле дебатқа сіз неге шықпадыңыз? Нигматуллин мен Перушаевтің быт-шытын шағарар едіңіз ғой сол қолмен! Тұяқбайдың шыққаны өте масқара болды! Барлық ел күлді!

- Теледебат туралы. Ол кісінің өз таңдауы солай болды. Ондай шолақ дебаттан не күтуге болады өзі. 2007  жылы мен партиямыздың атынан «Хабардағы» теледебатқа қатысқанмын. Әр тақырыпқа бар-жоғы 2 минут беріледі. «Әссаламалейкум, ағайын!» дегенде уақытыңның жартысы өтіп кетеді! Және де қалаған партияңа сұрақ қоя алмайсың!

- Қазақстан оппозициясының болашағы қандай?

- Оппозицияның болашағы оны халықтың қолдауы не қолдамауына тікелей байланысты. Қолдайтынына мен нық сенімдімін! Сондықтан Қазақстан оппозициясының болашағы жарқын! Өйткені біздің ұстанғанымыз - халықтың төл мүддесі. Ал халықпен бірге болған кез келген саяси күш ерте ме, кеш пе, бәрібір жеңіске жетеді.

- Билікке берер болжамыңыз қалай? Болашағы қандай Ақорданың?

- Билікке қатысты болжамым: президент көзі тірісінде бас биліктен кеткісі жоқ! Дәл осы жайт таяу болашақта Ақорданың ішкі және сыртқы саясатының басты анықтауышы болады. Яғни, биліктің барлық күші қазіргі президенттік жүйені одан сайын күшейтуге жұмсалады. Мұныңыз елдегі демократиялық процестердің біршама тоқырауына әкеп соқтырады. Оппозицияның ең табанды өкілдеріне қарсы қысым да күшеюі әбден мүмкін. Мұның бәрі қоғамдағы наразы күштердің  белсенділігін одан бетер арттырары хақ. Ақорда үшін басты қауіп дәл сол жақтан болады.

- Ауыл жағыңыөға барып тұрсаыз ба? Кластастар, служак, курстастардан қол үзіп қалған жоқпыз ба?

- Әрине, ауыл жақтан қол үзбеуге тырысамын. Балалық шақтағы достармен байланыс та тұрақты әрі баяғыша ыстық


- Отбасыңыз туралы айтсаңыз, балаларыңыздың қазақшасы қалай?
Әзірше осы. Кейін тағы қоса жатармын, Сұқбат сәтті өтеді деген ойдамын, сөзден сүірнбейсіз ғой

.

- Шешем бар. Жұбайым, Құдай берген екі қыз, бір ұлым бар. Үшеуі де қазақ мектебінде білім алды.

- Қандай мамандық оқығын едіңіз,қазір қандай кәсіппен шұғылданасыз?

- Мамандық таңдау әр адамның өз ісі, өз жауапкершілігі. Меніңше, мамандықтың жаманы жоқ, тек мамандар не жақсы, не жаман болады.

Өзім - кәсіби журналиспін, бала кезден біржолата таңдаған журналистикадан билікте жүргенде де, қазір де қол үзіп көрген жоқпын. Өйткені жазу өзіме ұнайды.  Ашық саясат алаңына шығуым да сол журналистикадан туындап отыр. Өйткені, жазғанда шыдықты жазу керек. Ал бүгінгі Қазақстанда ақиқатты айтқан кез келген адам амалсыздан оппозиционер боп кетеді!

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420