ККМ көліктік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары бюджет қаржысын жымқырғаны үшін қамауға алынды
Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) көліктің бақылау комитетінің бұрынғы орынбасары Хәкімжан Жамбырбаев қызмет бабын пайдалана отырып, 93,6 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы сәрсенбі күні брифингте экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.
Оның айтуынша, қаржы көліктік бақылау бекеттерін техникалық жарақтауға бөлінген.
М.Жұманбай көлік және коммуникация министрлігі алты бақылау бекетін стационарлық таразы жабдықтармен техникалық жарақтау үшін 210 млн теңге бөлгенін жеткізді. Келісімге сәйкес, «СТ Сервис Астана» ЖШС бекетерді жарақтау жұмыстарын аталған сомаға 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтауға тиіс болатын.
«Х.Жамбырбаев ЖШС өз мойнына алған міндеттерді орындамағанын нақты біле тұрып, бюджет қаржысын жымқыру мақсатымен «СТ Сервис Астана» өкілдерімен сөз байласып, жол-құрылыс жұмыстарын жүргізумен бекеттерді жарақтау және қажет жабдықтарды сатып алу жөніндегі орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойған», - деп түсіндірді қаржы полициясының өкілі.
Сот –құрылыс сараптамасының нәтижесі бойынша «Атырау» және «Қарабұтақ» 2 бекеті бойынша орындалмаған жұмыстардың сомасы 93,6 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, тергеу жоғарыда аталған ЖШС өкілдері келісім сомасының бір бөлігін Жамбырбаевқа беріп отырғаны анықталды.
Ол биылғы жылдың 29 маусымында соттың санкциясымен қамауға алынды.