Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
2761 0 пікір 15 Ақпан, 2021 сағат 11:40

Мьянмада наразылық акциясын басуға әскер кіргізіп жатыр

Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Мьянманың солтүстігіне әскер кіргізіліп жатыр. BBC мәліметінше, қорғаныс күштерінің билікті басып алу әрекетіне қарсы шығып жатқан тұрғындар наразылығын басуы мүмкін.

Янгондағы Батыс елшіліктері қалаға әскер кіргенін көріп, халыққа күш қолданбауға шақырды.

Жексенбі күні Янгонда интернет істемеді. БҰҰ өкілдігі әскерилер өзінің халқына "әскери соғыс" жариялады деп мәлімдеді.

Мьянма бойынша БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Том Эндрюс билікті басып алған әскери күш өзінің әрекеті үшін жауап береді деді.

Соған қарамастан Мьянма тұрғындары наразылық акциясын жалғастырып жатыр.

Abai.kz

0 пікір