Сейсенбі, 29 Қазан 2024
3488 3 пікір 16 Ақпан, 2021 сағат 11:49

Санжар Тайжан қазақстандық электромобильді таныстырды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысушы Санжар Тайжанмен кездесті.

Өнертапқыш министрге өзінің жаңа жобасы - қазақстандық электромобильді таныстырды.

Санжар Тайжан өз командасымен бірге бензинмен жүретін автомобильдерді батареямен қозғалатын электр көліктері етіп, қайта жаңғыртады. Қазақстандық өнертапқыш машинаның прототипі мен ерекшеліктері туралы айтып берді.

- Қазір электр көлігі жақсы ауа-райында 100 шақырымнан астам қашықтыққа жүре алады. Ал біз оны 500-600 шақырыға дейін арттыра аламыз. Басты мақсатымыз - электромобильдердің алғашқы қазақстандық брендін жасау. Жақын арада дизайны мүлдем жаңа 30 прототип әзірлеп, модельге 200-ден астам патент алуды жоспарлап отырмыз, - дейді Санжар Тайжан.

Стартап ең алдымен таксиді қоса алғанда еліміздегі қоғамдық көлікті электр түріне ауыстыруды көздейді

Abai.kz

3 пікір