Сенбі, 23 Қараша 2024
3016 1 пікір 18 Ақпан, 2021 сағат 13:30

Атамбаев кезінде сотталған оппозиционерлер ақталды

Жоғарғы соттың 17 ақпандағы шешіміне сәйкес, "Халықтық парламент" қозғалысының мүшелері Бекболат Талғарбековтің, Марат Сұлтановтың және Толыбай Қолыбаевтың жаңа ашылған жағдайлар бойынша істерін қайта қарау туралы өтініштері қанағаттандырылды.

Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Бішкектің Бірінші май аудандық сотының 2017 жылдың 2 тамызында, Бішкек қалалық сотының 2017 жылдың 13 қарашасында шыққан үкімдердің күші жойылып, іс қылмыстық құрамы болмағандықтан тоқтатылған.

Аты аталған үш адам "Билікті күшпен басып алу", "Билік өкіліне қарата күш қолдануға дайындалу" баптары бойынша сотталған.

Бебколат Талғарбеков пен Толыбай Қолыбаев 14 жылға, Марат Сұлтанов 10 жылға кесілген. 2019 жылы олар мерзімінен бұрын шартты босатылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394