Сенбі, 23 Қараша 2024
3165 6 пікір 19 Ақпан, 2021 сағат 16:15

Жапаров орыс тілі мәртебесін «саясиландырмауға» үндеді

19 ақпанда үкіметтің "Қырғызстан үні" газеті президент Садыр Жапаровтың Қырғызстан мен Ресей байланысы туралы "Одақтас байланыстар" мақаласын жариялады.

Мақалада "ұзақ жылдар бойы Қырғызстан Ресеймен бірге өмір сүріп келді, ал орыс тілі ресми тіл ғана емес, елде ұлтаралық қарым-қатынас тілі" делінген.

Жапаров орыс тілі заңмен қорғалғанын, оны саясиландыруға жол бермейтінін жазған.

"Ресеймен стратегиялық әріптестік Қырғызстанның ұлттық мүддесіне сай келеді. Республиканың сыртқы саясатында әріптес байланыстарды арттыруға ерекше мән беріледі", - деп жазды Жапаров.

Қаңтар айының соңында президент Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі мемлекет басшысы шетелге алғашқы сапарын Ресейден бастайтынын хабарлаған. Ресми сапар уақыты әзірге хабарланбады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387