Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 27366 22 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 13:17

Вице-министр парамен ұсталды. Министр не істейді?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековты жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Ербол Еділов telegram каналында хабарлады. 

Еділовтың айтуынша, вице-министр Нұр-Сұлтан-Дубай бағытындағы рейсте ұсталған.

«Кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Ол Нұр-Сұлтан-Дубай рейсінде ұсталған. 

Басқа дереккөздер оның 19 ақпандағы бұйрыққа сәйкес, 2021 жылдың 22 ақпанынан 5 наурызына дейін ресми еңбек демалысында екені айтады»,- деп жазды Еділов.

Ал, KazTAG агенттігі оның қазір Алматыдағы тергеу әрекеттеріне қатысып жатқанын жазды.

Мұсайбеков 2020 жылдың мамыр айынан бастап Мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айында мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталса, басшысы өз еркімен қызметтен кетуі тиіс деген Заң күшіне енді. Жаңа ережеге сай қарамағындағы қызметкері пара алған басшы сот үкімінен соң 10 күннің ішінде қызметін босатуы керек.

Ендеше, Мұсайбековтың қылмысы дәлелденсе, қазіргі министр Ақтоты Райымқұлова өз еркімен қызметінен кете ме?

Нұрбике Бексұлтанқызы 

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236