Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2431 1 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 12:57

Тарих толқынындағы Қазақстан

«Біз келешегі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз» (Н.Ә. Назарбаев)

Ел жоқ аңсамаған теңдікті

Еркін жүріп көксемеген кеңдікті.

30 жыл болды, тәуелсіздік алдық біз

Жалғастырып баба жолын елдікті.

Иә, желпіген желмен жылыстап, сынаптай сырғып өтіп жатқан, шіркін уақыт-ай! Егемендік алып, қазағымның төбесі көкке жеткендей қуанған күні кеше ғана сияқты. Дүниежүзілік тарих тұрғысынан қарағанда, 30жыл қас-қағым сәт, бірақ жас тәуелсіз мемлекет үшін бұл – кәмелетке толу кезеңі. Бұл- Қазақстаннның өзінің мемлекеттік жобасының алғашқы қорытындыларын шығаратын уақыт. Бұл – қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевпен бірге қол жеткізген жетістіктеріне көз салуды талап ететін жағдай.

Біздіңше, Қазақстан Республикасының мемлекеттік табысынң 30 жылына айналған барша Қазақстан халқының еңбегінің жемісті жылдары.

Қазақстан өзінің 30 жылдық мерейтойын экономикасы қуатты, барынша демократиялы және өзіндік құрметке ие мәртебелі ел ретінде қарсы алып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген елге танымал болды.

«Тәуелсіз ел – тірлігіміз» деген қағиданы берік ұстай отырып, ел егемендігінің 25 жылдық мерейтойына орай өз еліміздің әрбір іс-әрекетін мақтаныш етіп, еліміздің мықты елдер қатарына қосудағы өз үлесімізді өнегелі тәрбие, тиянақты білім арқылы көрсете түсу – біздің жастардың да міндеті.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ың елеулі бір мәні білім саласымен ұштасп жатыр. Елбасымыз Н.Назарбаев тұрақтылығы берік, өмірлік ел боламыз десек, өскелең ұрпақтың білімді, бәсекеге қабілетті болу керектігін үнемі еске салып отырады. Осы мақсатты ұлт көшбасшысы білікті азаматтарды даярлап шығуды қадағалауда. Жастар шетелде білім алып, өзге мемлекеттерден тәжірибе жинақтауда. Бұл ретте «Болашақ» бағдарламасының маңызы зор. Иә, еліміздің келешегінің жарқын болуы жас ұрпақтың қолында. Елбасының бізге артқан зор сенімін ақтауға тиіспіз.

Осындайда Нұрсұлтан атамыз айтқан мына сөз әрдайым жадымда тұрады: «Қандай байлық болмасын, оның түбі сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше, еселеп арта беретін бір байлық бар, ол – білім.» Шіркін, сол білімді қазақтың ұл-қыздары өз мемлекеттік тілінде оқып үйреніп, бір-бірімен тек ана тілінде сөйлесіп, қазақша ойланатын болса, елін сүйген нағыз патриоттық сезім нығая түсер еді. Елбасының «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзін қайталатқыза бермей, әр қазақ, ең алдымен, осы сөзді іске асыруға тырысуы керек деп ойлаймын. Осы орайда «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы» деген сөздің мағынасына мән беруіміз керек.

Ұлтымызды сақтау үшін ең бастысы – тіліміз бен жерімізді сақтай білу.

Тілімізден айырылып қалмайық деп жанталасып жүргенде жерді сату және шетелдіктерге жалға беру туралы мәселе ушығып, халық арасында зор толқу туғызатыны мәлім. Жер – Отан деген қасиетті ұғым. Жер – мемлекеттің негізі. Жерден айырылғаның – бәрінен айырылғаның. Атақонысынан айырылған қаншама ұлт тарих бетінен із-түссіз өшіп кеткен. Ата-бабамыздан кейінгі ұрпағы үшін жерді сақтап қалу оңайға түскен жоқ. Ол біздің қасиетті де, қасіретті тағдырымыз. Соны түсінер болсақ, біз де өзімізден кейінгі ұрпаққа ата-бабамыздан қалған игілікті істерді жасауымыз керек. Елбасымыз да Ата заңымызда жердің шет жұртқа сатылмайтыны тайға таңба басқандай ашық көрсетілгенін, оның ешқашан бұзылуына жол бермейтінін айтты.

Біздің ел үш ұғым: бірлік, татулық, ынтымақтың қадірін жақсы білетін ел. Қазақстан Респуликасы – жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жарастырып отырған ұлы мемлекет. Біз осы үшін қуанамыз, мақтанамыз!

Иә, қай тұрғыдан алғанда да республикамыздың сенімді де баянды болашағының бар екені еш күмән туғызбайды. Өйткені реформаларбағытымен батыл жүрген қазақ елі уақыт өткен сайын ілгерілей түсуде.

Мен келешегімнің келбетті боларына сенемін!

Жасмин Дарибаева

Халықаралық Ақпараттық

Технологиялар Университетінің

1-ші курс студенті

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364