Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 7098 0 пікір 23 Ақпан, 2021 сағат 11:32

Мамин Үкіметі көктемгі су тасқынына дайын ба?

Елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы бекітілді. Оны іске асыруға 160 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, алдағы су тасқынының алдын алу үшін 10 мыңнан астам қызметкер мен бірнеше техника жұмылдырылған.

«ТЖМ авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобын құрды, атап айтсақ, 10 мыңнан астам қызметкер, 1800-ден астам техника, 27 тікұшақ, 330 жүзу құралы және 1,3 мың мотопомпа дайын.

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде 3 мың адамға арналған шатырлы лагерьлер дайындалды, Қазавиақұтқару әуе кемелері тұрақты дайындықта тұр»,- делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар, жанар-жағармай, инертті материалдар мен қап қорлары қалыптастырылды, шұғыл шығындарға арналған төтенше резервтер қарастырылды, саны 38 мыңнан астам адам, шамамен 13 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және 2500-ден астам су айдайтын құралдан тұратын азаматтық қорғау құралымдары айқындалды.

Бүгінде елді мекендерден 13 млн текше метрден астам қар шығарылған. Ал, наурыз айының басында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отырған көрінеді.  Жаттығу барысында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дайындығы тексерілмек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315